Нағыз ер жігіт болу туралы ақыл-кеңес іздесеңіз интернет бетінен ұшан-теңіз ұсыныс таба аласыз. Ал Ямамото Цунэтомоның «Хагакурэ» атты кітабы бұл мәселеге өзгеше ракурстан қарауға итермелейді. Кітап бусидо жауынгерлерінің ар-намыс кодексі туралы. Ержүрек болу үшін, автордың ойынша, біз өткен тарихымызға оралуымыз тиіс екен.
FURFUR басылым қызметкерлері XVII–XVIII ғасырлар аралығында ғұмыр кешкен даңқты самурайдың өміріне дендеп зерттеген. Автор кітабында ар-намыс кодекстерін негізгі төрт бөлікке бөліп қарастырған.
Самурайлар өсиеті
Самурай жолында өзіңнен өзге біреулердің мықты болуына мүмкіндік берме.
Өзіңе әрқашан да пайдалы бол.
Ата-анаңның алдындағы, балаңның алдындағы парызыңды ұмытпа.
Адамдарға көмектес. Шын ниет білдір.
Қоғамдағы ережелер
Әңгімелесушіңе пікіріңді айтудан бұрын ол оны қабылдай алатынына көзіңді жеткіз.
Адамдар алдында есінеуге болмайды. Сенімсіз сөйлеу – санасыздық.
Қолды хакамаға (біздің түснікте қалтаға А.Қ.) салып жүру дұрыс емес.
Хат жазу мәдениеті бойынша, хатқа тек хатпен ғана жауап беру керек.
Қателік жасалса, бірден түзеу керек. Дер кезінде түзелген қателік тез ұмытылады.
Мас күйде қылышқа жармасу ақылсыздық қана емес, қорқақтық!
Ажалың келіп тұрса да қорқақ болмай, бәріне де дайын болу керек. Келбет-қалпыңның да әдемі болуы заңдылық. Жауларың сені мазақ етуі мүмкін екенін біл.
Самурай сакэны (арақты) көп ішпеу керек. Асқан тәкаппарлық пен тым дәулетті болмауы тиіс.
Біле тұрып сұрау тәрбиелілік, ал білмей тұрып сұрау қажеттілік.
Өмірге деген көзқарас.
Өмір бойыңда оқы. Күн сайын жаңашыл болуға тырысып бақ. Кешегі күннен өзгеше болуға тырыс. Адам дамып-жетілуінің шегі жоқ.
Бөтен салт-дәстүрге еліктеу – қателік.
Самурай жолы – өлімге деген құштарлық. Мұндай адам он адамнан да күшті болмақ.
Сәтсіздіктер мен қиындықтарға кездескенде оны елемеу аздық болады. Қиындықта батылдықпен, қуанышпен алға қарай жүру керек.
Ауру-сырқаулар мен басқа да бақытсыздықтар біздің оларға деген көзқарасымызға байланысты болады.
Бүгінімен өмір сүрмейтін адам – құнсыз.
Өмір бір ғана сәттен тұрады, сондықтан да жылдам әрі нақты өмір сүре білу керек. Бастысы үлгеру.
Егер адам өз денесімен санасын басқара алмаса жауын ешқашан да жеңе алмайды.
Бір күннің ішінде аяқталатын іске ғана кірісу керек. Ертең де құзіретте бір ғана күн болады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: rambler.ru