Нағыз еркек сүйіктісіне мына сөздерді айтпауы тиіс
Әрбір әйелдің нағыз еркек қандай болуы керек жайлы өз ойы бар. Олар оның әрекеттері қандай болуы керек және қандай сөздер айтуы керек, қалай қарауы керегін ойлап жүреді. Алайда көпшілік әйел ол қандай сөздер айтпауы керегін ойламайды. Сондықтан да олар "жақсы әйел" болу үшін және отбасын сақтап қалу үшін серігінің кей сөздерін естімегендей болады. Бұл сөздер әйелдің өзін-өзі бағалауын түсіріп, намысына тиюі мүмкін. Ол қандай сөздер?
"Менің бұрынғы қызым ..."
Ол "менің бұрынғы қызым өзін былай ұстаған жоқ, тамақты дәмдірек жасайтын, жақсырақ киінетін, мұндай нәрсеге ренжіп қалмайтын" және т.б сөздер айтуы мүмкін. Егер ол сізді бір рет салыстырып, сіз оған ешқандай реакция білдірмесеңіз, бұл тағы да қайталанады. Сондықтан сізді біреумен салыстырғаны ұнамайтынын, бұл сіздің көңіліңізге тиетінін бірден ашып айтыңыз.
"Құрбыңның шашы/киімі сенікіне қарағанда жақсырақ"
Егер ол сізді құрбыңызбен салыстырса, бұл жігіттің шынымен де сіз үшін "лайықты" екеніне ойланыңыз. Осындай жағдайда қыздар өмірінен құрбысын сызып тастайды. Алайда проблема сіздің құрбыңызда емес. Керісінше, бұл жағдайды ер адамыңызбен талқылаңыз. Оның сізді біреумен, соның ішінде сіздің жақын құрбыңызбен салыстырғаны ұнамайтынын ашық айтыңыз. Егер ол өзін ойын өзгерткісі келмесе, мұндай жігітпен қоштасқан жөн болар.
"Салмақ қосып алыпсың/ Не болып бара жатырсың"
Егер сіздің сырт келбетіңіз жақсы жағына өзгермесе, өзін құрметтейтін ер адам бұл жайлы немқұрайлы түрде айтпайды. Оның орнына ол сізді жақсы көретіндіктен және қамқор болғысы келгендіктен бірге спортпен айналысуға шақырады, Spa-процедураға сертификат алып береді немесе шоппингке жібереді.
"Бұл менің проблемам емес/ Өз проблемаңды өзің шеш"
Мұндай сөздерді әйелдің өміріне қызығушылығы жоқ немесе оны жоғалтқан ер адам айтады. Ол серігінің эмоционалды уайымын құнсыздандырады. Ол үшін әйелінің проблемасы түк емес. Ал оның проблемасы мен шаруалары өте маңызды. Әр әйел мойнындағы проблемасын серігімен талқылағысы келеді, оның кеңес бергенін және кей жағдайда қол ұшын созғанын қалайды. Әйел қасында оны қамқор болатын және қорғайтын серік барына сенімді болғысы келеді.
"Сен оған лайық емессің"
Сіздің бір нәрсеге лайық/лайық емес екеніңізді сізден басқа ешкім шеше алмайды. Кейде ер адамдар әйелдеріне бір жерге баруға, бірдеңе оқуға және т.б рұқсат етпейтін жағдайлар кездеседі. Бірақ махаббат пен үйлесімділік орнаған қарым-қатынаста мұндай тыйымдар болуы мүмкін емес.
Қоғамда белгіленген кей талаптар мен стереотиптер әйелдің өз-өзін шектеуіне әкеледі. Алайда басқалардың не ойлайтынына аса мән беріп, көңіліңізге ала берсеңіз, бұл сіздің өміріңізді қиындатып жібереді. Мына нәрселерден ұялмаңыз.
А. Жапатова