- Негізгі бет
- Психология
- Нағыз ерді қалай...
Нағыз ерді қалай танимыз?
Нағыз ер жігітпен бозбаланың арасы жер мен көктей. Кейбір жігіттер 13 жасынан бастап-ақ өзін нағыз ер жігіт сынды ұстаса, кейбір еркектер есейсе де бала мінезді болып қалады. Бұндай айырмашылықтарды рухани, физикалық, эмоционалды және ақыл деңгейінде деп бөлсек болады.
Ер жігіт өз қателігін мойындай алады. Ал жас бала соңына дейін өз сөзінен айырылмай, қателігін ақтаумен болады.
Ер жігіт адамдарды ешнәрсеге қарамастан сыйлауға тырысады. Ал жас бала біреуден бір нәрсені күткенде ғана сыйластық білдіреді.
Ер жігіт өсек-аянға сеніп, біреудің көңілін қалдырмайды. Ал жас бала өсекті негізге ала отырып, біреуге деген көзқарасын өзгертеді.
Ер жігіт отбасын үй-жаймен қамтамасыз етуге тырысады. Ал жас бала неге қамтамасыз ете алмайтынын түсіндіріп, ақталады.
Ер жігіт болашақты ойлайтын болса, жас бала бүгінгі күнмен өмір сүреді.
Ер жігіт отбасының, әйелінің төркінінің сыйластығына лайық болуға тырысса, жас бала достары мен әріптестерінің арасында сыйлы болуға ұмтылады.
Ер жігіт өзінің ұстанымдарына берік болады. Ал жас бала бір ойдан екіншіге ауып, мың құбылады.
Ер жігіт өз сөзінде тұрады. Ал жас бала белгілі бір уәделерді орындай алмайтынын біле тұра ант-су ішеді.
Ер жігіт үнемі даму керектігін біле тұра, жаңа білімге асық болады. Ал жас бала «мен бәрін білемін» деп жүреді.
Ер жігіт сұлулық – басты және жалғыз қасиет деп бағаламайды. Ал жас бала қызының сұлулығымен мақтануға әуес болады.
Міне, ер адамның бойынан осындай қасиеттерді іздеу керек.
Сіздің бұл тізімге қосарыңыз бар ма?
Ф. Абилова