Отбасының жарасымды тірлігі, тəн құштарлығының шын лəззатты шағы ер азаматтарға байланысты екендігін ұмытпайық. Өзіне өмірлік тірек, сүйікті жар болатын бөріктіні кездестіру əр əйел үшін үлкен арман. Бірақ кейбір қыз-келіншектердің бір көрмеге тәп-тәуір еркектің ішкі жан дүниесіне терең бойлай алмай опық жеп жататындығы жасырын емес. Сондықтан біз бүгін ер азаматтардың кейбіріне мінездеме беруді жөн санадық. Сонымен бұл өзі қандай жігіт екен?
Іскер жігіт.
Мұндай еркектер шындығында да өзін бəрінен мықтымын деп санайды. Олар үшін өмірде ешқандай кедергі жоқ. Қандай ортада болсын киіп-жарып жүргенді ұнатады, артық-ауыс сөз айтпайды, батыл, қыз көңілін немен алдарқатуды біледі. Өзінің айтқанын қайтсе де орындатуға тырысады. Мұндайлардың əйелдерге деген көзқарасы да бірқалыпты: "Мені осы қалпымда қабылдайсың немесе бүгіннен бастап арамыз алшақтай бастайды".
Арманшыл еркек.
Арманшыл еркектер - өзінің қолға алғалы жүрген тың жобасы мен ой-идеяларын бастамай жатып, жүзеге асыра алмай тастанды етіп жүрген қиялилар. Оларды көп ішінен танып білу оншалықты қиындық тудыра қоймайды. Бір орынға тұрақтап байыздай алмай, жиі-жиі жұмыс ауыстырып, адамдармен тіл табыса алмай жүргендер міне, осылар. Осыған қарамастан мұндай еркектер əйелдер үшін жайлы болмақ. Дəл осындай арманшыл азаматтармен тағдырын қосақтаған нəзік жандылар шаңырақта көшбасшылық тізгінді сеніммен өз қолына ала алады.
Жауаркершілігі мол азамат.
Бұл санаттағы еркектер өзінің қалаған қалыңдығы мен отбасының, тіпті дос-жарандарының алдында да үлкен жауапкершілікті мойнына ала алатындар. Ол өзінің ата-анасы мен жақын-туғандарына дамыл таппай телефон соғып, бір сəт те болса көңіл аудара алмағандығына кешірім өтініп жатады. Оның байыпты ой-тұжырымдары оған ешқандай қателік жібермеуге көмектеседі. Егер дəл осындай азаматқа кезіксеңіз, бірден жүрегін жаулап алуға тырысыңыз, одан еш өкінбейсіз.
Ашушаң еркек.
Бұларды тіптен түсініп болмайды. Айналасындағыларға, ата-анасына, жанындағы жарына, бұрынғы жəне қазіргі бастығына жауығып, үнемі ашу үстінде жүретін мұндай еркекпен тағдырыңызды қосақтасаңыз тіптен қиын. Оның аяқ басқан сайын жіберген қателігіне өзге біреулер кінəлі.
Тозаң арасындағы жақұт.
Бұлар шын мəнінде өз ісінің нағыз білгірлері, еңбекқор, бейнет үшін жаратылған қарапайым жандар. Қызметтестері оны биік жетістіктерге өз соқпағын өзі салып, ешкімнің демеуінсіз адал еңбегімен жеткендігі үшін құрметтейді. Тəуекелді серік еткен нəзік жандылар тозаң арасында елеусіз жатқан жақұттармен өмірін қосақтаса кейін еш өкінбейді. Тек оның жалған жақұт емес екендігіне көз жеткізулері керек.
Міне, қыз-келіншектерге берер аздаған кеңесіміз осы. Жылағанда жұбаныш, құлағанда демеу болатын өмірлік серіктеріңізді дұрыс таңдай біліңіздер!
Сурет: yvision.kz