Нағыз досты өтірік достан қалай ажыратамыз?
Психолог Виктория Дмитриева Doctorpiter порталына нағыз дос пен өтірік досты ажыратудың 5 жолын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер сізді өтірік достар қоршаса, сіз біртіндеп өз құндылығыңызды жоғалтып, әлсіз бола түсесіз. Шын достар қиын кезде қасыңыздан табылады, алайда өмір берген сынақсыз достарыңның қандай екенін қалай білуге болады?
Нағыз дос сіздің жетістігіңізге қуанады, ал өтірік дос жағымсыз қалжың айтады
"Егер досыңыз сіздің қоныстойда "енді 20 жыл ипотека төлеп, құл боласың! Қалжың ғой" десе және бұл сөз сізге ұнамаса, сізге ол жағымсыз естілсе, бұл нағыз достық болмауы мүмкін. Нағыз дос "керемет пәтер, құттықтаймын! Бұл сенің арманың болғанын білемін" дейді", - деп мысал келтірді психолог.
Нағыз дос қошемет сөз айтады, өтірік дос сынауға себеп табады
"Жиі мұндай сұрамаған сынды өтірік дос қамқорлық көрсетіп жатқандай айтады: "мұны саған мен айтпасам, кім айтады? Екеуміз дос болғандықтан, мен саған шындықты айтып жатырмын", - дейді маман.
Шын достармен араласудан энергия аласыз, ал өтірік достар сіздің энергияңыз бен күшіңізді алады
"Нағыз достармен кездескеннен кейін көңіл күйіңіз көтеріледі, шабыт пайда болады. Ал өтірік достармен кездескеннен кейін күшіңіз болмай, кей нәрселерден үмітіңіз үзіледі", - дейді Виктория Дмитриева.
Сіз басқалардың жағдайына кіресіз. Бұл достық емес.
"Нағыз доспен өз-өзіңізбен болу оңай. Ал өтірік доспен өзіңізді табиғи сезу қиынға соғады, олардың көңілінен шыққыңыз келеді", - деді психолог.
Нағыз достар қарым-қатынасты бағалайды, өтірік дос сіз жайлы ойламайды
А. Жапатова"Жиі мұндай өтірік достар өзінің қалжыңы жақсы шығу үшін сіздің сезіміңізді де құрбан ете алады. Достарының әлсіз тұстарына тиісетін қалжыңбастардан аулақ болыңыз", - деп ескертті психолог.