- Негізгі бет
- Психология
- Мына нәрселерден бас...
Мына нәрселерден бас тартуыңызға тура келеді... #3
"Бақытыңыздың соңынан еріңіз, сонда әлем сізге бұрын жабық болған есіктерді қайта ашады".
Джозеф Кемпбелл
Өткен жазбамызда «зиянды ойлау, шағымдану мен сенімсіздік» туралы айтқан болатынбыз. Бұл жолы қоршаған орта мен ішкі дүниеңізде болатын қажет емес процестердің әсері жайлы сөз қозғаймыз.
7. Сынау
Біреуді, бір жағдайды, бір нәрсені сынау қажеттілігінен бас тартыңыз. Әр адам жеке тұлға. Оның өзіндік қасиеттері, мінезі мен әдеттері болады. Олардың бірі сізге жат, тұрпайы көрінсе, басқаға орынды болып көрінуі мүмкін. Барлық адамды біріктіретін бір ғана нәрсе бар – бәріміз бұл өмірде бақытты болғымыз келеді. Сондықтан біреуді сынау үлкен қателік.
8. Әсер қалдыру
Біреуге әсер қалдырамын деген ойдан бас тартыңыз. Біреу жақсы көрсін деп, өз табиғатыңыздан бас тартып, біреудің рөлін ойнауды доғарыңыз. Сонда ғана шынайы қалпыңызбен сізді жақсы көретін, жаныңызда болуды қалайтын адамдарды табасыз. Бұған күмән жоқ.
9. Қарсыласу
Біз үнемі даму үстінде болғандықтан көптеген өзгерістерді бастан өткереміз. Ол бізге ойлағанымызға жету үшін көмектеседі. Сондықтан өмірде болатын өзгерістерге қарсыласпаңыз. Бақытыңызға жету үшін өзгерістерді қабылдап, оларға өз өміріңізден орын тауып беріңіз. Себебі, олардың көмегімен ойлаған мақсаттарымызға жете аламыз.
Сурет: vk.com
Оқи отырыңыз:
Мына нәрселерден бас тартуыңызға тура келеді... #2
Мына нәрселерден бас тартуыңызға тура келеді...
Неліктен біз виртуалды қарым-қатынасты таңдаймыз?
Не жайлы ойламауымыз керек? #3
Ф. Абилова