- Негізгі бет
- Психология
- Мына нәрселерден бас...
Мына нәрселерден бас тартуыңызға тура келеді... #2
"Өмірдің мәні – үнемі өз-өзіңді дамытуда".
Максим Горький
Өмірде кейбір нәрселерден бас тарту арқылы жеңілдеп, бақытты болуға болады. Пайдасыз дүниелерден бас тарту арқылы күйзелістен, ауыр жүктен арыла аламыз.
Өткен материалда "өзімшілдік, кінә мен билік" туралы айтқан болатынбыз. Бұл жолы сыртқы факторлардың әсері жайлы сөз қозғаймыз.
4. Өзіңізге зиянды ойлардан арылыңыз
Әлемде өзіне-өзі зиян келтіретін адамдар баршылық. Қалайша? Олар өзіне зиян ойлардың шырмауында жүреді. Сондықтан, жағымсыз ойлардан құтылыңыз.
Экхарт Толле былай дейді: "Ақыл-ой – дұрыс пайдалансаң тамаша құрал, ал дұрыс емес пайдалансаң – бәрін қиратушы күш".
5. Сенімсіздік
"Қолымнан келмейді" деген пікір жаңа белестерді бағындыруға кедергі болады. Алдыңыздан шешімі қиын проблема шықса да, өзіңізге сеніп, барыңызды салып, мәселені шешуге тырсыңыз. Сіздің басты қаруыңыз - өзіңіз.
6. Шағымдану
Қарым-қатынасқа, адамдарға шағымданбаңыз. Ешкім, ештеңе, ешқандай жағдай сіздің көңіл-күйіңізге қаяу түсірмеуі керек. Өмірде әртүрлі жағдай болады. Олардың сізге тигізер әсері өзіңізге ғана байланысты. Таңдау өзіңізде. Жағымды нәрселерді ғана ойлау керек екенін ұмытпаңыз.
Сурет: ©Евгений Фураев
Оқи отырыңыз:
Мына нәрселерден бас тартуыңызға тура келеді...
Неліктен біз виртуалды қарым-қатынасты таңдаймыз?
Не жайлы ойламауымыз керек? #3
Ф. Абилова