Жылдар бойы жиналған тәжірибенің нәтижесін ұрпаққа мирас етіп қалдыру әр адамның міндеті. Әрине бұл физикалық тұрғыда көмектесе алмаса да, 3 адамның біріне ой салып, дұрыс жолға бағыттауы әбден мүмкін.
1. Барлық бейнет өз әдет, әрекет және шешімдеріңізден бастау алады. Сондықтан әр қадамыңызды ойластырып, шешім қабылдауды үйреніңіз.
2. Үнемі байсалды, салмақты және шыдамды болып жүруге тырысыңыз. Егер салмақты, ашық жарқын болсаңыз, туындаған мәселенің оң шешімін тез табасыз.
3. Зорлық-зомбылық жеңімпаз адамға да бақыт әкелмейді.
4. Ашуға беріліп, әрекеттенсеңіз, өзіңізді ұстай алу қабілетінен айырылып, жағдайға дұрыс баға бере алмауыңызға әкеліп соғуы мүмкін.
5. Туындаған мәселеге қарсыласыңыздың көзімен қарай алатын болсаңыз, сытылып кетудің шешімін де таба аласыз.
6. Күйгелек адам бақытты бола ала ма? Әрине жоқ. Сондықтан әр мәселенің дана шешімін тауып, қанша ауыр болса да, эмоцияға берілмеуге тырысыңыз.
7. Ешқашан сезіммен ойнамаңыз. Егер сіз біреуді ұнатпасаңыз, бетіне күліп қарап, өтірік айтудың қажеті жоқ.
8. Өзіңізді билей білсеңіз, шыңдала түсесіз. Өзіңізді тануға ұмтылсаңыз, еркіндікке қол жеткізесіз.
9. Махаббат пен рақымдылық өмірдегі ең басты қасиеттердің бірі. Бұлардан айырылып қалмаңыз.
10. Тыныштықты даладан емес, іштен іздеңіз.
11. Аталған кеңестің бәрін жаттып, бірін ұмытпауға тырысыңыз. Олар алтыннан да қымбат.
Бақытты болыңыз!