- Негізгі бет
- Психология
- Мықты адамдар ...
Мықты адамдар
Өзіңізді мықты адам санайсыз ба? Тексеріп көріңіз!
1. Олар өз мүмкіндіктерін басқалардың жасағысы келмейтін істерінен іздеп табады.
2. Олар басқалардың сәтсіз істерінен сабақ алады.
3. Олар әбден ойланып барып шешім қабылдайды.
4. Олар үнемі саналы түрде өз жетістіктеріне жетіп отырады. Ал бұл кезде басқалар жетістіктің өзі іздеп келуін күтеді.
5. Олар да басқалар секілді қорқады, бірақ қорқыныштың өздерін билеуіне жол бермейді. Қорқыныш - олар үшін тек қауіп.
6. Олар бітпейтін жауаптарды тауысу үшін сауалды дұрыс қояды.
7. Олар шағымданбайды: бұл артық күш жұмсау.
8. Олар өз әрекетіне үнемі жауапкершілікпен қарайды.
9. Олар фантастикалық дарынға ие емес, бірақ үнемі өз шамасын көрсету үшін барынша амал табуға тырысады. Олар өздерінен көп нәрсені талап етеді.
10. Олар еш уақытта да бос емес. Басқалар бұл кезде бос жүреді, не жұмыс жасап жүрген түр танытады, не жұмысы жөнінде міндетсінеді.
11. Олар өз айналасына үнемі пікірлес жандарды жинап алады. Себебі мақсатқа жету жолында ауызбірлігі жарасқан топтың керек екені белгілі.
12. Олар өздеріне "Неге бұны істеген мен емес?" деген сұрақ қояды. Бұл оларға ағымдағы уақыттарды құр өткізбеуге көмектеседі.
13. Олар өздеріне қандай өмірдің керек екенін біледі де, өмірін солай жасауға тырысады. Ал бұл кезде басқалар өз өмірін тек сырттай ғана бақылап жүреді.
14. Олар ешкімге де еліктемейді, өздері үшін дара жол іздейді.
15. Олар еш нәрсені кейінге қалдырмайды, сондықтан да өмірінде «бір нәрсені» күтіп жүре бермейді.
16 Олар өмір бойы оқиды. Кез келген өмірдегі тәжербие – олар үшін үлкен сабақ.
17. Олар оптимистер, себебі әр нәрседен пайда көреді.
18. Олар өздерін ешкімге де тәуелді болмағанын қалайды.
19. Олар ақша табу барысында көптеген батылдыққа барады.
20. Олар кез келген проблемадан қашпайды, керісінше оны шешуге білек сыбана кіріседі.
21. Олар тілек тілемейді де, бақытты сәтті күтпейді де.
22. Олар бір жағдай болатын кезде осыған дейнгі жағдайды өлшеп алады да, өз-өзіне ескертіп, шамасын көрсетіп отырады.
23. Олар өз-өздерін жақсы басқарады. Олар өзгелердің ойлағанын ойлайды, бірақ ойдың құлы болып кетпейді.
24. Олар үнемі өнермен тығыз байланыста болады.
25. Оларда анық өмірілік жоспар болады, және олар сол жоспарды тізгінде ұстап отырады. Олардың өмірі бітпейтін жиналыстардан тұрады.
26. Олар өзгелер жасағысы келмейтін және басқалардың қолынан келмейтін жұмыстарды жасап үйренген.
27. Көбі жайлылыққа үйреніп қалаған. Бірақ табысты адамдар еңбектенуден мінездің түзелетінін түсінеді.
28. Олар табыс пен ақшаны, бақыт пен жетістіктерді бір-бірімен шатастырмайды.
29. Олар әр жерде көзге түседі.
30. Олар үшін ең маңыздысы - тәртіп және байсалдылық.
31. Олар өздеріне шүбәсіз сенеді.
32. Олар мәрт және мейірімді. Олар өзгелерге көмектескеннен ләззат алады.
33. Олар байсалды. Және өз қателерін мойындаудан да, кешірім сұраудан да қашпайды.
34. Олар бейімделуге үйренген, бірақ қандай да бір әдеттің құлы емес.
35. Олар өзінің денсаулығын сақтап жүреді, бірақ өз денесімен тым әуре болып кетпейді.
36. Олар өте жігерлі, сондықтан да үнемі құлшына еңбектенеді.
37. Олар икемді және бейімді.
38. Олар құпия жандар емес.
39. Олар шыдамсыз және ұқыпсыз адамдармен араласпайды.
40. Олар өздері үшін қажетсіз шаруаларға уақыт құртпайды.
41. Олар өздерін біреудің қолпаштап отыруын қажет етпейді.
42. Олар теория айтпайды, олар өмір сүреді.
Сурет: golosuysuy.ru
С. А