Музыкалық бейімді тәрбиелейтін 7 бағдарлама

Музыкалық бейімді тәрбиелейтін 7 бағдарлама

Барлық адам музыканы жақсы көреді, бірақ бұл ерекше өнерге деген талант екінің біріне беріле бермейді. Эмоцияға беріліп, Қайрат Нұртастың бір әнін ыңылдап айтатын сәт көбіміздің басымыздан өткен шығар. Алайда қайырмасын айтпай жатып «Жалынайын, тек сен ән айтпай-ақ қойшы!» сынды әзіл-қалжың аралас айтылған пікірлерді естиміз. Мұндай жағдайға жиі тап болмас үшін музыкалық бейімнің не екенін түсініп, оны дамытудың бірнеше ережесін білуіміз керек.

Музыкалық бейім біреуге табиғатынан тән болса, екіншісі оны жүре тәрбиелейді.

Музыкалық бейім дегеніміз – музыканы толықтай естіп, оған баға беруге мүмкіндік беретін қабілет. Оны жан-жақты талдауға болады. Жақын арада ғалымдар музыкалық бейімнің шет тілін меңгеруге көмектесетіндігін дәлелдеді.

Мида музыкалық бейім үшін жауап беретін арнайы бөлік бар. Бұл түйінде жүйке талшықтары көп болған сайын, соғұрлым адам музыканы жақсы естиді. Ал өзімізде музыкалық бейімнің бар екенін немесе нейрондарымыздың жағдайын қалай білуге болады? Бұл үшін арнайы ауруханаға барып, магнитті томография жасатудың қажеті жоқ, естіген әуеніңізді дәл сол күйінде қайталауға тырыссаңыз болғаны. Егер дәл қайталай алмасаңыз, уайымдамаңыз, есту және иіс сезу мүшелері әлі жаттықпаған болар.

Егер арнайы маманға барып дайындалуға уақытыңыз болмаса, музыкалық бейімді төмендегі 7 бағдарламаның көмегімен ретке келтіре аласыз.

Ear Teash

Бұл сервистің көмегімен интервалды, аккордты, тембрді, ырғақты және өзге базалық элементтерді игере аласыз.

Theta Music Trainer

Бұл – түйсік деңгейінде түсінікті, бірнеше флеш ойындарды қамтыған ресурс.

EatMaster6

Аталған бағдарлама – дат бағдарламашыларының соңғы ұсынысы. Оның ішінен тәжірибелі және жас мамандарға арналған 2000 сабақ бар. Мұнымен қатар сіздің музыкалық қабілетіңіздің қандай деңгейде екенін анықтап береді.

Auralia4

Auralia4 – сольфеджионың негізін құрайтын, интервал мен гамманы, аккорд пен оның жалғастығын, ырғақ пен сәйкестікті ретке келтіруге көмектесетін 41 тақырыптан құралған бағдарлама.

Ear Trainer

Ear Trainer – IOS қамтамаларына арналған 160 сабағы бар виртуалды аспап.

Абсолютті бейім

Android қамтамалары үшін жабдықталған, 8 жаттығу түрін қамтыған бағдарлама.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: lookatme.ru

Қ. Бүйенбай