Ғалымдар бізді таң қалдырудан шаршамайды. Ендігі жаңалықтары: сүйіп тыңдайтын музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер етеді екен.
Нәтижелер бойынша хип-хоп пен r’n’b стилін сүйіп тыңдайтын адамдардың ой-өріс дәрежесі ең төмен болып шықты. Тест ретінде дәстүрлі IQ-мен қатар, мектептік бағдарлама бойынша сұрақтар болды. Жоғары көрсеткішке классикалық музыкаға құмар жандар ие болды. Көпшілік ата-аналардың өкінішіне орай, ауыр рок тыңдайтындар да алдыңғы қатарда.
36 мың адаммен болған сұхбат нәтижесінде алынған көрсеткіштер мынадай жаңалықтарды көрсетті. Классикалық музыкаға құмар жандар ұялшақ, ал ауыр рок ұнататындар мейірімді болады екен. Бір қарағанда ылғи мұңайып жүретін рок сүйгіш жандар зерттеу нәтижесінде ең мейірімді мен ақылды адамдар қатарында болды.