- Негізгі бет
- Психология
- Музыка - жақсы...
Музыка - жақсы жұмыс кепілі
Жаз мезгілі басталғалы бері кеңсеңіздегі жұмысыңыз жүрмей қалды ма? Ойыңызда жазғы демалысқа жоспарлар, жылы теңізде шомылу, достармен өткізілетін кештер... Сонда жұмыс қайда қалды? Ойыңызды жинақтауға көмекке музыка келеді.
Әрине, биші не әнші болмасаңыз, музыкасыз, тыныштықта жұмыс істеген әлдеқайда дұрыс. Алайда ойларыңызды жинақтап аламын десеңіз, құлақшын киіп, бір демалып алсаңыз болады. Ғалымдардың айтуынша, дұрыс таңдалған музыка есте сақтау қабілетін арттырып, тиянақты жұмыс істеуге дағдылай алады. Ғалымдардың зерттеулері нәтижесімен таныс болыңыздар.
Есте сақтау қабілетін жақсартып, зейін қойып жұмыс істеуге фанк-рок бағытындағы музыка көмектесе алады. Мысалға, Red Hot Chili Peppers тобының әйгілі Californication хиті.
Вальс тыңдау әсерінен сіздің жұмысқа ынтаңыз 20%-ға өседі екен.
Симфонияларды тыңдап, ақпаратты қабылдау, жүйелеу қасиетіңізді көтере аласыз.
Ал демалып, күш жинаймын десеңіз, Моцарт сияқты классикалық музыка композиторларының туындыларын тыңдағаныңыз жөн. Ғалымдардың айтуынша, адамның шығармашылық қасиеті классикалық музыка тыңдағанда ерекше көріне алады.
Сөзсіз өзіміздің домбырамыздың дыбысы жүрек лүпілін ерекше ұғып, тыныштандыра алады.
Қандай музыка түрін таңдасаңыз да, бастысы жұмыста музыкаға беріліп, өлең айтып кетпей, одан тек жаңа күш пен көңіл-күй алуыңыз керек.
Ал сізге жұмыс істеуге қандай музыка көмектеседі?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: liveinternet.ru
С. А