Алғашқы кездесуден кейін хабарсыз кетеді. Телефон нөмірін алады, бірақ қоңырау соқпайды. Қыздар күтуі керек. Шынымен күте ме, демек армандайды. Ал армандадым дей беріңіз, "сындым" дей беріңіз. Әйтпесе, одан қоңырау күтпейсіз ғой?
Қыз армандауды доғарып, үміті үзіле бергенде қоңырау соғады. Бірақ әрең үзілген үміт ондайда тез жалғана қалмай ма?
Кездесуге қайта ұсыныс жасайды. Ол кездесуге еш сылтаусыз келе қалса, жақсы ғой. Өйтпейді! Не телефоны жауап бермейді не ескертусіз жоғалып кетеді. Бұл күні алғашқы кездесуден кейінгі қиналыста шықпаған жас шығады. Қыз жылайды. Егер оған ғашық болып қалмаса, көзінің жасын сықпас еді. Тек жігіттің жауапсыздығына ашуы келіп қана тынар еді...
Екінші рет кездесуге шақырады. Қызда кездесуге алып-ұшып дайындалар көңіл-күй жоқ. Ол жігіттің алдыңғы кездесуі кезде жоғалып кету себебін түсіндірер деп күтеді. Бірақ жігітте үн жоқ. Ол үшін қыз "түкке тұрмайтын нәрсеге ренжіп жүр".
Гүл сыйлаудан жұрдай болады. Тіпті жігіт қыз үшін ешқандай да сыйлық жасамайды. Жылы сөз де айтпайды.
Мейрамханаға бару тұрмақ, шайханаға бас сұғып шай ішуге ұсыныс жасамайды. Ал саябақтар мен кинотеатрлар тіпті "үндемей"-ақ қойсын.
Өткені жайлы да, бүгіні жайлы да сөз қозғамайды. Болашақ туралы сөз мүлдем аузынан шықпайды. Тек қана жұғымсыз әңгіме...
Күнді қалай өткізгені туралы әңгімеден де қашады. Қыз екеуіне басқа жоспар құрып қоймасын деп, ертең қолы босамайтындығын айта бастайды.
Шығарып салмайды. Қызды түн ішінде орманға тастап кетуге де әзір тұрады. Сөйтеді де, "жеткеннен соң хабарлас" деп сыпайылық танытқан болады. Ал қыз үйіне жетіп алып телефон соқпаса да ұпайы түгел. "Неге хабарласпады екен" деп өзі қоңырау шалмайды.
Қыз қарым-қатынасты үзу үшін телефон соқса, "қолы босамай" қалады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: mail.ru