Мүгедектігі бар адамдар туралы қанат бітіретін фильмдер
Жағымды өзгерістерге куә болып келеміз: қоғам эмпатиясы артып, инклюзия тіршілігіміздің әр алуан саласына еніп жатыр. Кинематограф та бұдан тыс қалған жоқ.
Мүгедектігі бар адамдар басты кейіпкер болатын фильм сюжеттерінің мағынасы әрдайым терең. Мұндай туындылар ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдап қана қоймай, адамдардың әртүрлі болуын түсінумен мен қабылдауды үйретеді. Осындай картиналар туралы әңгімелемекпіз.
Jusan-ның «Шексіз мүмкіндіктер» жобасының аясында мүгедектігі бар адамдар туралы қанат бітіретін фильмдер топтамасын ұсынамыз, олар ең талапшыл көрерменнің де жүрегіне жол табарына сенімдіміз.
Jusan-ның «Шексіз мүмкіндіктер» жобасының аясында мүгедектігі бар адамдар туралы қанат бітіретін фильмдер топтамасын ұсынамыз, олар ең талапшыл көрерменнің де жүрегіне жол табарына сенімдіміз.
Паралимпиадашы
Алдияр Байрақымовтың спорттық драмасының басты кейіпкері – Олимпиада чемпионы болуды армандайтын, болашағынан зор үміт күттіретін шаңғышы Мақсат. Жол апаты спортшының жоспарын күл-талқат етеді. Кейіпкеріміз аяғынан айырылып, ауыр күйзеліске түседі, ал одан айығуына Паралимпиадаға қатысу туралы ұсыныс себеп болады. Фильм сюжеті 2018 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан тарихындағы алғашқы «алтынды» жеңіп алған шаңғышы –паралимпиадашы Александр Колядиннің оқиғасынан алынған.
Паралимпиадашы (2022, Қазақстан)
Қайырымдылықтың негізгі принциптері
Роб Бернеттің комедиялық роуд-мувиі Джонатан Эвисонның осы аттас романының негізінде түсірілген. Жазушы Беннің отбасында қайғылы жағдай болады, содан кейін оған жаңа жұмыс іздеуге тура келеді. Ол ауыр науқастарға күтім жасау бойынша арнайы курсты тәмамдап, Дюшен миодистрофиясы бар жасөспірім Треворға қарасатын адам ретінде қызметке орналасады. Бастапқыда кейіпкерлер тіл табыса алмайды, бірақ бірнеше күннен кейін кенеттен Американың "ең ақылға қонымсыз жерлеріне" саяхатқа аттанады. Бұл оқиғалар оларға өзін түсінуге көмектеседі және Треворға өмірге деген талпынысы оянады.
Қайырымдылықтың негізгі принциптері (2016, АҚШ)
Қам жеме, ол алысқа кетпейді
Режиссер Гус Ван Сенттің өмір туралы биопикі әйгілі америкалық карикатурист-суретшісі Джон Каллаханның (Хоакин Феникс) хикаясын баяндайды. Апаттан кейін сал болып қалған кейіпкер қиын жолдан өтіп, жындарымен бірге өмір сүруді үйренеді және өз миссиясын табады. Туынды мотивация береді және өмірдегі қиындықтардан жеңілгісі келмейтіндерге ұнайтыны сөзсіз.
Қам жеме, ол алысқа кетпейді (2018, АҚШ)
Скафандр мен көбелек
Жан-Доминик Бобидің кітабына негізделген тағы бір өмірбаян баяндалатын картина. 43 жасында әйгілі жазушы және француздың ELLE журналының бас редакторы инсульт алады. Ер адам 20 күн комада болады, оянғаннан кейін ол тек сол көзін басқара алатын жағдайда болады – дененің қалған бөлігі толығымен сал болып қалған. Алайда, Боби жеңілгісі келмейді: дәрігерлер ер адамның әлеммен қарым-қатынасы үшін арнайы әліпби жасайды. Көзді жыпылықтау арқылы ол әріптерді хабарлап, сөздерді құрастыра алды. Бір жыпылықтау «иә», екі рет «жоқ» дегенді білдіреді. Ойлап тапқан әдіс оған кітап жазуды бастауға мүмкіндік берді. Екі ай бойы автор онымен күніне үш сағат жұмыс істеді. Magnum opus-ті аяқтау үшін ер адам 200 мың рет көз жыпылықтқан. «Скафандр мен көбелек» атауы Боби күйінің метафорасына айналды, онда скафандр – дене, ал көбелек – онда құлыпталған жан ауруы. Осылайша Жан-Доминик Боби өзінің трагедиясын әлеммен бөліседі. Кітаптың экранизациясы бірнеше номинацияда «Оскарға» ұсынылып, беделді марапаттарға ие болды, соның ішінде Bafta, «Алтын глобус» және «Сезар».
Скафандр мен көбелек (2007, Франция)
Ал жаным билеп тұр
Майкл церебралды сал ауруы диагнозына байланысты мамандандырылған интернатта тұрады. Интернатқа жаңа пациент Рори О'Ши келген кезде оның өмірі өзгереді. Бұлшықет атрофиясына байланысты ол толығымен дерлік қозғалыссық қалған, бірақ толыққанды өмірін жалғастырады. Роримен кездескеннен кейін Майкл өзінің өмірі туралы ойлана бастайды, олар интернаттан кетуді ұйғарады. Енді кейіпкерлер өз бетінше өмір сүреді, бірде-бір кешті бос өткізбейді және өмірден ләззат алады. Бірақ олардың хикаясы сүйкімді қамқоршы қосылған кезде мүлде өзгереді. Фильмде басты рольдерде Джеймс МакЭвой, Стивен Робертсон, Бренда Фрикер және Ромола Гарай ойнайды.
Ал жаным билеп тұр (2004, Ирландия)
Ынта-шынтамен
Жулиен 17 жаста. Бұл оған көп күш жұмсауды қажет етсе де барлық жасөспірім сияқты, ол да саяхаттауды армандайды және арманына жетудің жолдарын іздейді. Алайда жігітке жұлын бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Қызық өмір бастауға деген ұмтылысы оны Францияның ең күрделі спорттық жарысына қатысу идеясына әкеледі, бұл «Ниццаның Темір адамы» жарысы еді. Ол бір кездері триатлоншы болған әкесін онымен бірге жарысқа қатысуға көндіруге тырысады. Көндіре алмағаннан кейін Жулиен мақсатына жетудің басқа жолын іздейді. Нильс Таверньердің драмасы армандар табандылықты, шыдамдылықты және ынта-шынтаңмен берілуің қажет ететінін көрсетеді.
Ынта-шынтамен (2013, Франция)
Мүгедектігі бар адамдар туралы фильмдер мәдени әртүрлілікке ықпал етеді, эмпатия мен жанашырлықты қолдайды. Осындай сюжеттер арқылы біз қиындықтарды жеңетін адамдар туралы көбірек біліп, түсініп, оларға деген құрметіміз оянады.
Jusan шығармашылық және спорттық әлеуетін көрсететін ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоғамдық өмірге нақты қосу процесін белсенді қолдайды. Өткен мақаламызда паралимпиадалық спортшы Азаматтың тарихын әңгімелеген едік. Сондай-ақ, мүгедек адамдармен қарым-қатынас жасау үшін пайдалы кеңестерімізді бөлістік.
Jusan шығармашылық және спорттық әлеуетін көрсететін ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоғамдық өмірге нақты қосу процесін белсенді қолдайды. Өткен мақаламызда паралимпиадалық спортшы Азаматтың тарихын әңгімелеген едік. Сондай-ақ, мүгедек адамдармен қарым-қатынас жасау үшін пайдалы кеңестерімізді бөлістік.
JUSAN – әрқайсыңызға қамқор!