Спорт – қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі. Мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әртүрлі спорт түрі – әлеуметтік және физикалық оңалту нұсқаларының бірі. Осылайша, инклюзив спорт – бұл барлығына арналған спорт. Бұл әртүрлі адамдарға, соның ішінде физикалық немесе психикалық ауытқуы бар адамдарға жаттығуға және бәсекелесуге мүмкіндік береді. Неліктен бұл аса маңызды? Бұл туралы Jusan-ның «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында әңгімелейміз.
Біз бұл материалымызбен мүгедектігі бар жандардың – түрлі диагноз бен тағдырға ие, бірақ өмірге деген ерік-жігерімен таңғалдырып жүргендердің өмірі туралы мақалалар топтамасын бастаймыз.
Jusan әр кейіпкермен мотивация сыйлайтын хикая әзірлейді, бұл өз кезегінде «Шектеусіз мүмкіндіктер» атты жобамызда жарияланып отырады.
Jusan әр кейіпкермен мотивация сыйлайтын хикая әзірлейді, бұл өз кезегінде «Шектеусіз мүмкіндіктер» атты жобамызда жарияланып отырады.
“
Қазақстанда 705 000-нан аса мүгедектігі бар адам тұрады. Біздің қоғам осы санаттағы жандардың проблемаларына әлі де үңіле бермейді, мұның себебі халықтың хабарсыздығы. Мүгедектік – адамды қоғамнан бөлетін және өмірдің қарапайым қуаныштары мен өзін-өзі дамыту мүмкіндігінен айыратын стигма іспетті, бірақ олай болмауы керек. Біздің қоғам ретінде жетілуіміз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген көзқарасымыздан білінеді. Кейінгі жылдары әлемде мүгедектерге деген көзқарас ойлау парадигмасының өзгеруімен және эмпатияның жоғарылауымен, сондай-ақ көптеген бағдарлама мен стартаптардың арқасында өзгерді. Бұған жағдайды жақын арада жақсартуға қабілетті қуатты құрал – халықты ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болады
Жобаның екінші кейіпкері – алматылық Азамат Аязбаев. Ол – боччадан Паралимпиада құрамасының мүшесі. Оның хикаясы шабыт сыйлап қана қоймай, ерекше әсер етеді.
“
Жасым 26-да, 11 жасымнан «жұлын бұлшықет атрофиясы» диагнозымен арбаға таңылғанмын. Шынымды айтсам, бұрын өзіме көңілім толмай, не сүйіктім де, не балам да жоғын ойлап, қатты уайымдайтынмын. Қолымнан келмейтінін ойлап, жылайтыным есімде. Далада ойнап жүрген, қар атысып жатқан балаларды көретінмін, ал өзім ойнай алмайтынмын. Жігіттер қыздармен сөйлесіп отыратынын көретінмін, ал маған мұндай мүмкіндік бұйырмапты деп қынжылатынмын. Кейде дүние біткен тоқтайтындай немесе баяу жылжып жатқандай көрінетін.
Жұлын бұлшықет атрофиясы – бұлшықеттің ерікті қозғалысына жауап беретін жүйке жүйесінің бір бөлігіне әсер ететін сирек кездесетін генетикалық ауру. ЖБА диагнозы қойылғандарда жұлынның маңызды жасушалары – мотонейрондар жоғалады. Мотонейрондардың жоғалуы бұлшықеттің прогрессив әлсіздігіне және орталық жүйке жүйесінен сигналдарды қабылдауды тоқтататын бұлшықет массасы мен күшінің біртіндеп төмендеуіне әкеп соғады.
Амал не, бұл ауруды түбегейлі емдеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ЖБА – сирек кездесетін аурулардың бірі: әлемде 10 000 нәрестенің 1-і осындай диагнозбен туады және ғаламшардың әрбір 50-ші тұрғыны ЖБА-ның сау тасымалдаушысы саналады.
Амал не, бұл ауруды түбегейлі емдеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ЖБА – сирек кездесетін аурулардың бірі: әлемде 10 000 нәрестенің 1-і осындай диагнозбен туады және ғаламшардың әрбір 50-ші тұрғыны ЖБА-ның сау тасымалдаушысы саналады.
“
Үйден шықпай ұзақ уақыт отырдым, күндердің күнінде лагерьге бардым. Сонда еріктілердің бірі боччадан жаттығуға барып көр деген кеңесін айтты. Ол: "Мен боччадан топ ашамын. Онда мынадай допты лақтыру керек, сосын ұпайыңа қарайсың. Ұпай көп болған сайын жеңіске бір табан жақындай түсесің» деді. Қызық ойын екен дедім, келе-келе өзімен де, командасымен де достасып, есіл-дертім осы ойынға ауып кетті. Жаттықтырушым әрдайым былай дейді: «Біз дос емеспіз, біз – отбасымыз. Біреу қиналса, екіншісі қолдайды». Ал биыл паралимпиадалық спортқа өттім. Бесінші орында екенімді және тізімге кіріп тұрғанымды хабарлағанда қуанышымда шек болмады: "Шынымен іліндім бе?! Алақай! Нақты ма? Туыстарымның бәріне WhatsApp-тан жазуым керек!" – деп бәріне айту үшін кетіп бара жаттым. Сол кезде – "Ей! Қайда барасың? Жаттығу аяқталған жоқ!» деп ескертті.
Бочча – әлемдегі танымал спорт түрлерінің бірі және оның паралимпиадалық спорт түрі болуы өте маңызды. Бұл боулингке, петанкке және боулзға жақын дәлдікке арналған спорттық ойын. Боччаның шығу тарихы Рим империясында кең таралған ежелгі ойындарымен байланысты. Ойын алғаш рет 1984 жылғы VII Паралимпиада жазғы ойындарының бағдарламасына енген.
Бочча ойыншылары бұл процестен тек рахат алып қоймай, сонымен қатар нақты пайдасын көре алады: бочча орталық жүйке жүйесінің зақымдануы мен омыртқа жарақаттарының ең ауыр түрлері бар ойыншылар арасында белсенді дамып келе жатқан және адамға зияны жоқ спорт түрі. Тұрақты бочча сабақтары ептілікті, дәлдікті, төзімділікті, қимылдарды үйлестіруді және тактикалық ойлау қабілетін дамытады.
“
Қолымнан келетін іс екенін аңғара бастадым, сол үшін осы спорт түріне қызықтым. Өміріме жаңа серпін бергендей, Құдайдың өзі «Істе, бұл қажет!» дегендей болды. Күн сайын ояна салып «Мұны істеуім керек. Ертең жаттығуға бармай қалсам, онда ештеңеге де қол жеткізбегенім, алдаусыратқаным ғана» деп қайталай бастадым. Айтқым келгені, адам істегісі келсе, қадам жасауы керек. Үйде отыра бермеу керек – дамып, тіпті сау адамның өзі қол жеткізе бермейтін биікке ұмтылу керек. Ал сенің қолыңнан келеді! Барлық мүмкіндігің бар: интернетің бар, өзіңе өзің көмектесе аласың. Жұрт көмектескісі келмесе де – бұл маңызды емес! Өзің үшін осы әлемді жасай аласың! Ал егер қолымнан келмейді деп қақсай берсең, түбінде түк те нәтижеге жете алмайсың. Өзіңді бақытты ететін іспен айналыс.
Инклюзив спорт мүгедектігі бар адамдарға ғана емес, сонымен қатар жаттығуларда, жиындарда және жарыстарда олармен өзара әрекеттесетін спортшыларға да пайдалы әрі маңызды. Кейбіреулер жаңа кәсіби тәжірибе алса, басқалары қоғамға бейімделеді, толыққанды спорттық өмірге аяқ басады, салауатты өмір салтын ұстанады, пікірлес адамдармен сөйлеседі. Бұл шынымен баға жетпес қарым-қатынас – өйткені спорттағы инклюзия кез келген шекараны жояды.
Jusan ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өз шығармашылық және спорттық әлеуетін жүзеге асыра отырып, әлеуметтенуге және белсенді өмір салтын жүргізуге көмектесетін әртүрлі қауымдастықтар мен жобаларды белсенді қолдайды. Еске салайық, Jusan «Шексіз мүмкіндіктер» жобасының алғашқы кейіпкері – балерина болуды армандаған Аделия. Сонымен қатар біз сіздерге инклюзия деген не екенін әңгімелеп, мүгедектігі бар бьюти-блогерлер туралы баяндаған едік.
Jusan ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өз шығармашылық және спорттық әлеуетін жүзеге асыра отырып, әлеуметтенуге және белсенді өмір салтын жүргізуге көмектесетін әртүрлі қауымдастықтар мен жобаларды белсенді қолдайды. Еске салайық, Jusan «Шексіз мүмкіндіктер» жобасының алғашқы кейіпкері – балерина болуды армандаған Аделия. Сонымен қатар біз сіздерге инклюзия деген не екенін әңгімелеп, мүгедектігі бар бьюти-блогерлер туралы баяндаған едік.