- Негізгі бет
- Психология
- Моцарттың музыкасы шала...
Моцарттың музыкасы шала туылған сәбилерді емдейді
1. Лондон университеті мамандарының дәлелдеуі бойынша, кез келген аспапта орындалатын музыка ақыл-парасатты дамытып, өзін жақсы сезінуге септігін тигізеді. Және иммунитет жүйесінің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Баланың сөйлеп үйренуі өте қиын. Осыған байланысты Ольборг университетіндегі даттық мамандар балалар тілінің шығуына музыканың көмегі бар екенін анықтады. Кохлеарды имплантация жасалған балаларды бақылап, емдеу барысында музыкалық туындыларды тыңдауға берген. Мұнымен қатар Гарвард мамандары 15 ай бойы күнделікті балаларға 2,5 сағат бойы музыка тыңдатқан. Осылайша балалар миының оң және сол жақ бөлігінің үлкейгендігін байқаған.
3. Шала туылған балалардың салмақ жинауына Моцарттың музыкасы көмектеседі. Мұны израилдық Тель-Авива медициналық орталығының мамандары дәлелдеді. Олар шала туылған 20 сәбиді алып екі топқа бөлген. Артынша бірінші топтың сәбилеріне күн сайын 30 минут бойы Моцарттың музыкасын тыңдатқан. Ал екінші топтың сәбилеріне мүлдем тыңдатпаған. Нәтижесінде бірінші топтың сәбилері жылауын қойып, энергияны аз шығындайтынын байқаған.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай