Мінез әр адамның жаратылысына қарай алуан түрлі болып келеді. Алайда қыз балалардың мінезі құбылмалы. Мінез – жеке тұлға болып қалыптасу жолында тікелей әсер ететін фактор. Өмірлік тәжірибе, адамдармен араласу, қоғаммен байланыс нәтижесінде мінез де өзгеріске түсіп отырады. Мінезді өзгерте алмаймын деген бекер сөз. Оны өзгертуге мүмкіндік көп. Мінездің мықты және әлсіз тұстары болады. Өз мінезіңнің қайсысына жататынын анықтап алғаннан кейін,өзіңді-өзің танып білсең, еңбекқорлығыңның арқасында айтарлықтай жетістіктерге жетесің. Ол үшін керегі – уақыт.
Шетелдің білікті маманы Дейл Карнеги өмір бойы адам психологиясы мен қарым-қатынасын зерттеген. Өзіңді қолдап, күнделікті жақсы көңіл-күйде жүру үшін ғалымның әдісі-кеңесін ұсынамыз.
Бүгіннен бастап мен бақытты боламын! Авраам Линкольннің бір сөзі бар: Адам өзін неғұрлым бақыттымын деп санаса, соғұрлым бақыттырақ болады. Яғни, өзін бақыттысезінген адамның көңіл-күйі көтеріледі. Демек, Бақыттымын! – деген сөзді жиі қайталау керек. Бүгіннен бастап мен қолымда барға риза боламын. Қанағат етуді үйренемін. Өткенге өкінбеймін. Бүгіннен бастап мен өз денсаулығыма мұқият қарайтын боламын. Бүгіннен бастап ақылды,білімді,парасатты болуға тырысамын. Бүгіннен бастап жалқаулықтан арылып, пайдалы дүниемен шұғылданамын Бүгіннен бастап өзім құрған жоспар бойынша жұмыс жасаймын. Бүгіннен бастап өмірдің кей мәселелерін бір күнде шеше алатынымды мойындаймын. Бүгіннен бастап рухани тұрғыда баюға тырысамын Бүгіннен бастап сенімсіздіктен арылуға тырысамын. Бүгіннен бастап бақытты болудан қорықпаймын.Осындай жаттығуларды айна алдында отырып жасасаңыз, күнделікті қайталасаңыз, мінезіңізден оң өзгерістеерді байқайтын боласыз.