- Негізгі бет
- Психология
- Мінезді анықтауға арналған...
Мінезді анықтауға арналған 5 минуттық тест
Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.
Саусақтарыңызды айқастырып ұстыңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз.
Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Шапалақтаңыз... Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз.
Енді нәтижелерді қортындылайық.
«2222» - (толық оңқай). Сіз мінезіңіз тұрақты, сабырлы адамсыз, артық ұрыстар мен бос әңгімелерді ұнатпайсыз.
«2221» Сіздің басты кемшілігіңіз - батылсыздық.
«2212» Сіз оңай тіл табыса алатын, көңілді жансыз.
«2111» Сіздің мінезіңіз тұрақты емес, көңіліңіз құбылмалы. Бірақ істеріңізді біреуге тапсырмайсыз, өз шаруаларыңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз.
«2211» Сіздей адам жиі кездесе бермейді. Ақкөңіл, мейірімді бола тұрып, басқалармен оңай тілдесе аласыз, мінезіңіз өте жұмсақ.
«2122» Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Басқаларға күдікпен қарайсыз, сол себепті бойыңыздан суықтық байқалады.
«2121» Ең сирек кездесетін мінез түрі. Сіз қорғансыз, басқалардың ойына тәуелдісіз.
«1112» Эмоционалды, көңілді, батыл жансыз.
«1222» Көңіліңіз күніне сан рет өзгереді. Өмірлік сұрақтарды шешуге жиі батылыңыз жетпей жатады. Алайда басқалармен қарым-қатынасыңыз әр уақыт жақсы болады.
«1221» Эмоционалдық, жігерсіздік тән. Басқаларға сөзсіз сену қасиетіңіз бар.
«1122» Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз.
«1121» Сіз адамдарға тым сенесіз, мінезіңіз жұмсақ. Өнерге жақын болуыңыз мүмкін.
«1111» - (толық солақай). Сіз өнерлі, кретивті адамсыз. Үйреншікті стереотиптер сіз үшін емес. Индивидуалистсіз, кейде тіпті эгоистсіз.
«1212» Мақсатыңызға жетпей қоймайтын батыл жансыз.
«1211» Сіз басқалардан оқшауланған өмір қалайсыз. Басқалармен тіл табысып, достасу - сіз үшін қиын мәселе. Алайда рухыңыз мықты, қойған мақсаттарыңызға қалайда жететін адамсыз.
«2112» Мінезіңіз жайлы, жаңа достарды оңайлықпен табасыз. Қызығушылықтарыңызды жиі ауыстырасыз. Жаңашылдықтан қорықпайсыз.
Сіздікі қандай болды?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: psyxologiya.ru
С. А