Мінез түрлері мен типтері

Мінез түрлері мен типтері
Фото: StroyKat.com

Мінез – адамға туа бітті қалыптасып, өзгеріп отыратын қасиеттерінің жиынтығы. Ол қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға реакциясынан көрінеді. Мінез ерекшелігі жөнінде ерте заманнан бері зерттеліп келеді. Ең алғаш мінезді сипаттап жазған – Теофраст. Одан кейін А.Бен, Т.Рибо, И.Кант, М.Фуле, А.Е.Личко, К.Леонгард сынды ғалымдар мінезді зерттеп, бірнеше түрге, типтерге бөліп қарастырды.

1. Гипертимді тип. Қозғалысқа бейім тип. Тым көп қозғалатыны әсерінен тәртіпсіздікке де бой беріп жатады. Шулы ортаны, көпшілік жиналған жерді жақсы көреді. Өзгелердің алдында артықшылықтарын көртесіп қалғысы кеп тұрады, сөзшең. Мақтауды жаны сүйеді, өзінің де мақтаншақтығы бар. Көп нәрсеге аса қызығушылық танытады. Отбасылық, қоғамдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарамағандықтан, қақтығысқа түсіп жатады. Жестері мен мимикалары айқын, оптимист. Бойында күш-қуаты мол.

2. Циклоидті тип. Көп жағдайда бейжай күй танытады. Жалғыздықты жаны сүйеді. Кез келген жағдайды, сөзді жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан өзгелер ескерту жасағанын еш ұнатпайды.

3. Лабильді не дистимді тип. Көңіл күйі ауа райынан өткен құбылмалы. Өзіне өзгелердің көзқарасы қандай екенін бірден байқайды, оған тәуелді кездері де болады. Көңіл күйі нашарлаған кезінде жақындары жанынан табылып, қолдау көрсеткені абзал. Бұл типтегі жандар достарының қолдауын аса жоғары бағалайды. Көп сөйлей бермейді, баяу ойланады. Үйде, жалғыздықта болуды жаны қалайды. Ұрыс-керістен бойын аулақ салады. Әділ, байсалды, тиянақты.

4. Астено-невротикалық тип. Ақыл-ой жұмысынан тез жалығып, шаршайды. Көп жағдайда қалжыраған, көңілсіз күйде жүреді. Қырсықтық қасиеті де бар. Топпен жұмыс істей білмейді. Қақтығысқа бейім. Жай уақытта таза, ұқыпты, балаларды жақсы көреді. Ашуы келгенде дүниені төңкеріп тастауға бар.

5. Сензитивті не тежелгіш тип. Көпшілік жиналған жерді, үлкен компанияларды ұнатпайды. Ондай жерде өзін жайсыз сезінетіндіктен сырт көзге тұйық боп көрінеді. Бейтаныс ортаға бейімделуі қиын. Ал достарының арасында ашық жарқын, әзілқой. Жолдас таңдауда қателікке бой ұрмайды. Ірілік, ерлік мінезі бар. Құмар ойындарға жаны қас. Басқа балаларға қарағанад ата-анасына тым жақын келеді. Өзіне де, өзгелерге де жоғары талаптар қояды. Мойнына алған жұмыстан нәтиже шығармай қоймайды. Өзіне сенімді, сезімтал, қызғаншақ. Ар-намысты бәрінен жоғары қояды.

6. Психо-астеникалық не педантты тип. Өз-өзіне де, өзгелерге де баға беруге бейім. Жұмыста басқаларға зор талап қояды, ал лидерлікті кейде басқаларға береді, өзіне сенімді. Интеллектісі тез дамиды. Айналасындағы жағдайларды өзгелермен талқылап жүреді, сол арқылы кез келген жайдың дұрыс шешімдерін ойластырып қойды. Аздап салғырттығы, абайсыздығы бар. Жанжал туса да бейжай, сабырлы қалпында қала береді. Өзі соқтыққанды аямайды. Тез шешім қабылдайды. Жиі ой үстінде жүреді.

Жалғасы:
7. Шизоидті не уайымшыл тип.
8. Эпилептоидті не эмотивті тип.

9. Истероидті тип.
10. Тұрақсыз тип.
11. Экстравертивті тип.
12. Интравертивті тип.

@. @assel_assanova