Миыңызды алдап көріңіз

Күнделікті өмірде "мен алданбаймын" деп, жан-жағымызға мұқият қараймыз. Алайда миыңыздың жаңылатын сәттері болатынын білесіз бе? Олай болса, миды алдаудың бірнеше жолымен таныс болыңыздар:

1. "Ганцфельд әсері"


«Ганцфельд» - эксперименталды психологияда ең алғаш ұсынылған процедура. Оны орындау үшін диванға жатып, теннис шариктерін екіге бөліп, көзіңізге жапсырма қағаздың (пластырь) көмегімен жабыстырамыз. Артынша радионың даусын көтеріп, бөгет болып тұрған арналарға қоямыз. 1 минуттың ішінде көз алдымызда елестер пайда болады. Мұндайда кейбір адамдар бұлт үстінде жүгіріп жүрген аттарды көреді.

Миымыз сыртқы ортаның құбылыстарын жақсы қабылдайды. Мұндай мүмкіндігінен айырылған соң оны мидың өзі құрастыра бастайды. Елестер осының нәтижесі.

2. Ауырсынуды басу


Қолыңызды немесе басқа жеріңізді абайсызда жарақаттап алсаңыз, сол жерге дүрбіні теріс төңкеріп қараңыз. Бұл ауруды басады. Тілінген немесе жарақаттанған жерге дүрбінің теріс жағымен қарағанда, ауырсынумен қоса ісік те басылатындығын Оксфорд университетінің ғалымдары дәлелдеп отыр. Ауруды сезінудің өзі біздің көзімізбен тікелей байланысты.

3. Пиноккио иллюзиясы


Бұл үшін екі орындық пен көз байлағыш қажет. Көзі байланған адам назарын алдыңғы үстелде отырған адамға бағыттап, артқы үстелге жайғасады. Артынша алдында отырған адамның мұрнымен, өзінің мұрнын қатар сипайды. Нәтижесінде 1 минутқа жетер-жетпес уақытта (50 пайыз адамдар) өзінің мұрны ұлғайып бара жатқанын сезінеді.

4. Ойды алдау

Оң аяғыңызды бірнеше сантиметрге көтеріп, сағат тілінің бағытымен қозғалтыңыз. Осы әрекетті жасап жатқаныңызда оң қолыңыздың сұқ саусағымен ауаға 6 санын жазыңыз. Нәтижесінде аяғыңыз сағатқа қарама-қарсы бағытта қозғала бастайды.

Денеңіздің оң жақ бөлігініне жауап беретін миыңыздың сол жағы ырғақ пен тепе-теңдікке жауап береді. Мидың бір бөлігі бір уақытта екі әрекетті қатарнынан бақылай алмайды.

5. Сезім мүшелерін алдау

Бұл әрекетті үш адамның көмегімен орындауға болады. Олардың бірінің тәжірибесі, екеуінің жақсырақ бақылай алу қасиеті болу керек. Араларындағы ара-қашықтықты бірдей етіп үш орындыққа отырғызып, екі шетінде отырған адам ортада отырған адамға түтікшенің көмегімен кезек-кезек сөйлейді. Тыңдаушы дыбыстардың бағыттарын дұрыс анықтай алады. Ал егер түтікшелердің орнын ауыстырса, бағыттарынан жаңылып қалады.

6. Резіңке қолдар иллюзиясы

Қолдарымыздың резіңкеге айналып кету мүмкіндігі бар екендігін психолог дәрігерлер осыдан 10 жыл бұрын дәлелдеген. Бұл үшін резіңке қолдар немесе үрленген резіңке қолғап, картонның кесіндісі (орамал да жарайды), екі бояу жаққыш керек. Бір қолыңыздың орнына резіңке қолғапты қойыңыз да, бірдей бағытта екеуінде бояғышпен сүртуін сұраңыз.

Бірнеше минуттан соң жасанды қолдардың өзіңіздікі екендігіне сеніп қаласыз. Жасанды қолыңызды ұруды өтінсеңіз, қолыңыздың жасанды болғанына қарамастан, ауыратындай сезімде боласыз.

7. 20 жасқа дейінгі адамдар ғана ести алатын дыбыс

Жиілігі 18 000 Герц болатын синусоид дыбысын 20 жасқа дейінгі адамдар ғана ести алады. Жасөспірімдер қулық жасап қоңырауларының дыбысы етіп сақтап қояды.

Адамдардың жастары ұлғайған сайын жоғарғы тондағы дыбыстарды естуі қиындайды.

8. Пуркинье әсері


Янь Пуркунье жас кезінде нейро ғылымының негізін салған. Күнге қарап тұрып, қолдарын жұмылған көздерінің алдында сермеген. Бірнеше минуттан соң түрлі-түсті фигуралардың пайда болғандығын байқаған. Нәтижесінде "Пуркинье әсері" толығымен зерттеліп, ғылымға енген.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fact.ru