Миыңыз ненің әдемі екенін қалай аңғарады? Бұл сұраққа адамдар логиканың көмегімен жауап береді. Дегенмен, соңғы он жыл бойына ғалымдар сұлулық ұғымын психология мен нейробиологияның төңірегінде қарастырып келеді.
Алдымен, біздің санамыздағы сұлулық түсінігіне әсер етуші белгілер қандай?
Сұлулық туралы ой субьективті пікір болғанына қарамастан, әдеміліктің шегін белгілеу үшін бірнеше белгілер бар: біркелкілік, симметрия, гормондардың әсері.
Біркелкілік: бет-әлпеттің біркелкілігі адамның сұлулық ұғымын қалыптастыруына мүмкіндік береді. Мысалы, азиат, монголид секілді нәсілдік бейне барын естен шығармау керек. Ал, түрлі нәсілдің белгілері қосылса, сол адам өзгелерге соғұрлым сұлу көрінеді. Өйткені, оның бейнесін түрлі адамдардың топтары жақын қабылдай алады.
Симметрия: Симметриялы бет-бейне өзгелерге қарағанда тартымды көрінеді. Асимметрия ауытқу белгілерін еске түсіреді. Симметрия – тек сұлулықтың ғана емес, денсаулықтың да белгісі.
Гормондар: Эстроген және тестостерон адамның бет-әлпесін жасақтауда маңызды рөл атқарады. Әйел адамның жүзі, тұлғасы ер адамды еске салса, оның тартымдылығы соғұрлым төмендейді. Ер адамда да сол құбылыс байқалады.
Мидың қандай бөлігі мұның бәріне қатысады?
Әдемі адамды көргенде біздің миымызда қандай жұмыстар орын алады? Тартымды адамдарға қараған сәтіңізде миыңыздың артқы бөлігінде орналасқан көру қыртысы белсенді бола түседі. Көру қыртысы сезімтал орталықтармен байланысқа түседі. Яғни, адамның санасы сұлу деп таныған сәтте миыңыздың сезімтал аймағы іске қосылып, рахат сезімін сезінесіз.
Одан бөлек ойлау жүйемізде қалыптасқан стереотип бойынша «тартымды нәрсенің барлығы жақсы». Сұлулық пен мейірімділік рецепторлары көп жағдайда миға бірдей белгі жібереді.
Бұл рефлекторлық байланыс көп жағдайда ойлау жүйесінде биологиялық триггер қалыптастырады. Яғни, тартымды адамдарды ақылды, мейірімді, әрі жауапкершілігі мол ретінде қабылдау жүзеге асады.
Бұл зерттеу жұмысының қандай пайдасы бар?
Алдымен, санамызға сіңген адамның сыртына қарап тон пішетін әдетімізбен күресуге мүмкіндік туады.
Екіншіден, миымызда жүріп жатырған бұл биологиялық үрдіске жетілдіруге мүмкіндік аламыз.
Кейде санаңыздың емес, жүрегіңіздің үніне де құлақ асып үйреніңіз!