Сіз миллионер болғыңыз келе ме? Бай болу үшін алдына мақсат қойып, белгілі бір нәтижеге ұмтылатын адамдардың саны өте аз. Ал бірнеше миллионның иесі болып жүрген адам үшін көптеген миллиард жайында ойлау - түкке тұрмайтын іс. Миллионер болу үшін сапалы менеджмент, құнарлы ой, тәуекелшілдік керек. Аспаннан ақша жауады деп ойлау немесе осы мақаланы оқу жеткіліксіз. Апта сайын сатып алатын лоторея билеттері де көмектеспейді. Іштей дайындалу бір бөлек, ал сол дайындықты жүзеге асыру екенші бір дүние. Олай болса, миллионер болу үшін не істеу керектігін талдап көрейік.
1. Ең алдымен миллионер болатыныңызға өзіңіз сеніңіз
Мәселе сенімде емес, сол миллиондарға өзіңіздің шын мәнінде лайық екендігіңізді түсінуде. Көп адам көп ақша тілесем, рухани азып бара жатырмын деп ойлайды. Шындығында, байлықты адамдардың арасына от салатын құралмен теңестіретіндер де аз емес. Осылайша ойлайтындар алдына келіп тұрған мүмкіндіктерден бас тартады. Көп ақшаңыздың арқасында өзіңізге де, өзгелерге де жақсылық жасауға болатынын ұмытпаңыз. Барлығы өзіңіздің қолыңызда.
- Бай болуға лайық адаммын деп ойлаңыз;
- Ақшаңызды не нәрсеге жұмсайтыныңызды жоспарлаңыз. Жоспар мақсатқа жеткізеді;
- «Бай болғым келмейді, жәй адамдардың қатарында жүрсем жеткілікті» деп ойлайтын адамдардың қатарына жатсаңыз, оның себебін анықтап көріңіз;
- Өзіңізге адал болыңыз;
- Бай болсаңыз, дүниені оң мен солға шашамын деп ойламаңыз.
2. Миллионерлер Абай атамыздың «Еріншек бекер мал шашпақ» деген өсиетіне құлақ асады
Олар әрбір тиынды үнемдейді. Өмір құбылыстарына есеппен қарайды, кез келген істе үнемдеп қалуға тырысады. Байлыққа оңай қол жеткізген адам ғана, оңай шашады. Бұл кедей адамдарға да қатысты.
- Миллионердің міндетті түрде отар-отар қойлары немесе Алматы мен Астана қаласында он шақты үйі болуы керек емес.
- «Егер де» деген сөзді ұмытыңыз. Ол сізді үнемі шалып тұратын болады. Бар армандарыңызды орындайтын Алладиндыкіндей шамыңыз болса, бұл мақаланың сізге қажеті де болмас еді.
3. Денсаулық пен шыдамдылық
Миллионер болмас бұрын денсаулығыңызды жөндеп алыңыз. Ақшаға қатысты дұрыс шешімді дені сау адам ғана қабылдай алады. Сол себепті спортпен айналысып, уақытымен тамақтаныңыз. Есесіне тәніңіз энергия сыйлайды. (Ауру адамға миллион емес миллиардтар да керек болмай қалады).
4. Қайтпас қайсар болыңыз.
Сәтсіздіктермен ұшыраса білген адам ғана жетістікке жетеді. Ал бұл арманыңызға жету жолында сәтсіздіктердің де миллион есе көп болатыны анық. Мәселе ай сайын алатын жалақыңыздың бар болуында емес. Қорыта айтқанда кез келген нар тәуекелге дайын болуыңыз керек.
- Сізді біреулердің қорлағаны ұнай ма? Әрине, «Иә» деп жауап беретіндердің саны аз. Бірақ, жолыңыз болмай, туысқандарыңыз бен достарыңыздың «Айттым ғой!» деп саусақпен шұқып көрсетулеріне дайын болуыңыз керек. Уайымдамаңыз, бұл уақытша ғана. Бұл сөздердің емес, жолыңыз болмауының нақты себебін анықтаңыз. Барлығын басынан бастап, бұл қателіктерді жібермеуге тырысыңыз. Қолыңыздан келмейінше қайталай беріңіз. Бастапқыда ақымақтың ісі секілді көрінгенмен, артынша табандылығыңыз әдетке айналады.
5. Өзіңізге сенімді болыңыз
- Алайда өзіңізге деген сенімділікті тәкаппарлықпен шатастырып алмаңыз;
- Жұрттың пікіріне мән бермеңіз.
6. Сізге өзге адамдардың кедергі жасайтынына дайын болыңыз
- Біреулер сүйсіне қараса, екіншілері қызғанышпен қарайды. Мәселе барлығының әйтеуір болатынында. Нәтижесінде жұртқа қалың әмияныңызды көрсетпесеңіз де, сіздің бақытты өмір сүріп жатқаныңызды білетін болады.
- Сізбен қарым-қатынаста жүрген адамдар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар сіз сүрінген сәтте тірек болуға ұмтылады, екіншілері өздерінің қолдары жетпегендіктен, бұл арманыңыздан бас тартуыңызды ұсынады.
7. Күле біліңіз. Ол сізге өте керек қасиет.
Іске кірісейік!
Миллионер болатындығыңыз туралы ойлаңыз. Ойладыңыз ба? Енді ойлағанды қойып, әрекет жасаңыз. Мүмкін ең алдымен миллионерлердің тәжірибемен бөліскен кітаптары туралы оқып алу керек шығар.
Ақшаны майда затқа жұмсауды тоқтататын кез келген сияқты. Бұл – басты қағида. Миллионерлердің қалай өмір сүретінін білесіз бе?
- Олар арзан үйлерде тұрады;
- Той жасау үшін несие алмайды;
- Сапалы заттарды ғана сатып алады;
- Арзан сағаттар мен арзан әшекейлер тағады;
- Қолжетімді көліктерді пайдаланады;
- Қымбат брендтерден бас тартады;
- Өздерін өзгелермен салыстырмайды.
8. Қолда бардың қадірін біліңіз!
Миллионер болу міндетті түрде шет елге барып дем алу деген сөз емес. Арманыңызға қол жеткізіп, миллионер болып жатсаңыз төмендегі тізімді орындауға тырысыңыз.
- Әбілхан Қастеев сынды суретшілердің мұражайына барыңыз;
- Достарыңызбен кездесу ұйымдастырып тұрыңыз;
- Кітапханаларға барыңыз;
- Бау-бақшамен, сурет салумен айналысыңыз;
- Қайырымдылық қорына ақша қосып отырыңыз;
- Отбасылық кешкі ас ұйымдастырыңыз;
- Спортпен айналысыңыз;
- Өзіңізді үздіксіз дамытып отырыңыз.
9. Дәл қазір немен айналысып жүрсіз. Басқа салада жүрген адамның миллионер болып кетуі қиын. Ұстаз миллионер, техника маманы миллионер дегенді естігенсіз бе? Бизнеспен айналысуға дайын болыңыз. Айлыққа жұмыс істеу бұл арманнан бас тартумен бірдей. Сол себепті жеке кәсібіңізбен айналысыңыз. Өзіңізге емес, айналаңыздағыларға керек істі таңдаңыз. Ең бастысы ол салада да икемділігіңіз болсын. Бизнесіңізді үнемдеуден бастаңыз:
- Жалға алатын кеңселеріңіз де арзан болсын;
- Қызметкерлерге де төленетін ақшаны ескеріңіз;
- Саяхатыңызды да үнемдеңіз;
- Әрбір тиынды бақылауға алыңыз;
- Өзіңізге ақыл айтатын адам табыңыз. Ол да миллионер болса жақсы болады;
- Ақшаңызды акцияға салыңыз;
- Кездейсоқ мүмкіндіктерді пайдаланыңыз;
- Құмар ойындардан сақтаныңыз;
- Мақсатыңызды жадыңыздан бір сәтке болсын шығармаңыз;
- Кем дегенде 30 идеядан тұратын жоспар құрыңыз;
- Жоспарсыз мақсат болмайды;
- Өзіңізге бренд жасаңыз. Бренд – өзгелердің сіздің өніміңізге берген бағасы;
- Жарнамаңыз сапалы болсын. Жарнамаға жұмсаған ақшаны тауардың құны арқылы шығарып алуға болады;
- Нағыз мамандарды ғана жұмысқа алыңыз;
- Бизнес туралы кітаптарды көп оқыңыз;
- Мақсатыңыз ақша емес жайлы өмір болсын;
- Үлкен несиелерді алмауға тырысыңыз;
- Айналаңыздағыларға көмектесіңіз.
Миллионер болуға дайынсыз ба?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: publy.ru