- Негізгі бет
- Психология
- Миллиардер болғым келеді...
Миллиардер болғым келеді
Бұл жайлы армандамаған адам бар ма? Иә, ақша өмірдегі ең маңызды нәрсе емес екенін саналы әр кісі түсінеді. Алайда мұқтаждықта өмір сүрмей, қалағанын алып, жоқшылықты көрмеу әркімнің де арманы. Бұл тек арман болып қалады ма? Неліктен біреулер мыңнан озып, жолдары болып, бір тиыннан мыңдаған ақша істей алады. Ал басқаның бұған баруға батылы жетпейді? Сіз оған дайынсыз ба? Ол үшін не істеу керек?
Басты ереже: сәтті боламын десеңіз, түбегейлі өзгеріңіз. Өзіңізді өзгертсеңіз, өміріңіз де, қоршаған ортаңыз да жақсы жаққа өзгере бастайды.
Назарларыңызда миллиардер атағына жетудің 6 сыры. Бұл ережелерді бұрын естуіңіз ғажап емес, олар көпшілікке белгілі. Алайда тек біртума адамдар оларды өз өміріне қолданып, оны өзгертуге бел буып, тәуекелге барып, сәттілікке жете алған. Сіздің де осыған жете алатыңызға сенейік.
1 ЕРЕЖЕ: Миллиардер сияқты ойлаңыз
- Сәттілікке қол жеткізбес бұрын, оны сезініп, ойға тоқу керек. Өзіңізді миллиардер сезінбесеңіз, ешқашан бұлай атана алмайсыз.
- Ылғи ақшаға мұқтаж адамның рөлінен шығыңыз.
- Адамның ойлау қабілетін өзгерту - өте қиын, сол себепті бұл оңай болмайтындығына дайындалыңыз.
- Миллиардерлердің жұмыс үстелінде де, үйінде де, ойларында да тазалық пен ұқыптылық болады.
- Олар бір жерде тұрмайды, дамиды. Жаңа ақпарат іздейді, өзінің ісін әрі қозғау үшін білім жинайды.
- Сәтті адамдардың жұмысқа ынталандырып тұратын жұмыс жері болады.
2 ЕРЕЖЕ: Біреуге теңел
- Сәтті болғыңыз келе ме? Ендеше сондай сәтті адамдармен араласыңыз, олардан үйреніңіз, қылықтарын қайталаңыз, солардың қатары болуға тырысыңыз;
- Өзіңізге кумир таңдап, содан үйреніңіз. Мейлі ол мұхиттың ар жағындағы Билл Гейтс, не жұмысыңыздағы бастығыңыз болын...
- Оның айтқан әр сөзін тыңдаңыз, үйреніңіз, ол жазған кітаптар не бейне тренингтерін қараңыз.
- Оның өткен шағымен, сәттілікке қалай қол жеткізгенімен танысыңыз. Өткен қиындықтарына ерекше назар аударыңыз.
3 ЕРЕЖЕ: Тағдырдың сынағына шыдаңыз
- Басқаларға көзқарасыңыз милиардер боламын-ау дегеннен өзгермеу керек. Адамгершілік жайлы ұмытпаңыз.
- Сәтті боламын десеңіз, жаныңызға жақын іспен айналысыңыз.
- Биік самғаумен бірге жырға құлау қатарлас екенін ұмытпаңыз.
- Ешкім жете алмаған белеске шығу үшін ешкім істей алмаған іске кірісіңіз.
- Көмек сұраудан ұялмаңыз.
- Миллиардер болғыңыз келді ме - миллиардер сияқты киініңіз. Ондай мүмкіндігіңіз жоқ па? Тырысыңыз. Ұқыпты, таза болыңыз.
4 ЕРЕЖЕ: Арманыңызды қайталалаудан шаршамаңыз
- Арман - сәттіліктің бастауы. Арманыңызды күнде қайталап отырыңыз.
- Арманыңыз орындалуы үшін тым биік пе? Оған күнделікті қадамдар жасаңыз.
- Арманыңыз сізді алға жүруге ынталандыру керек.
- Арманға жетер жолда тәуекелге бел буу керек.
- Бай адамдардың көбісі байлығына қол жеткізбес бұрын, бірнеше рет бар ақшасын жоғалтқан. Төзімді болыңыз.
5 ЕРЕЖЕ: Істеріңізде нақты болыңыз
- Өзіңізге жақын бір саланы таңдап, сол бағытта дамыңыз.
- Бар уақытыңызды бөліп, осы іске беріліңіз.
- Ісіңізде нақты болыңыз, сіз үшін енді демалыс, күн мен түн де ісіңізге уайымдаумен өтеді.
6 ЕРЕЖЕ: Алдыңызға мақсат қойыңыз
- Мақсат - алға итермелейді.
- Күнделікті мақсаттарыңыз сол үлкен арманның алғышарты болсын;
- Мақсаттарыңызды бағалаңыз. Қай істі қазір, қайсысын кейін жасауға болатындығын анықтаңыз.
- Мақсат жетуге болатындай, басы мен соңы, орындалу уақыты болу керек.
- Мақсаттар тізімін істеген дұрыс. Оны көзге көрінетін жерде ұстаңыз.
Миллиардер атану - арман. Сонымен қатар бұл азап. Мәселе тек ақшада емес екенін түсініп, жалпы сәттілік пен бақытқа жету жолын іздеңіз. Ісіңіз өмірлік ұстанымыңызға айналып, сізге қуаныш пен дәулет әкелсін!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: sergey-yuzhniy.ru
С. А