Мидың да жынысы болатынын білдіңіз бе? Өзіңіздікін тексеріп көріңіз!

Сіздің жынысыңыздың қандай екеніне қарамастан миыңыз еркек немесе әйел болуы мүмкін. Бұның жыныстық бағдарға еш қатысы жоқ. Мидың жынысы сіздің миыңыз қалай жұмыс істейтінін және ақиқатты қалай қабылдайтынын көрсетеді. Бұл еркекше және әйелше ойлау типі деп аталады.

Статистика бойынша, шашамен әр оныншы әйелдің ойлау типі — еркекше, әр бесінші ер адамда — әйелше. Әйел және еркек ми иелері өздерінің физикалық жынысына тәуелсіз әлемді әртүрлі көреді және естиді. Күйзеліске әртүрлі әсер береді. Адамдар мен жағдайларды басқаша бағалайды.

Еркек ми әңгімелесушімен сөйлесу кезінде 6-дан артық аумақты іске қоспайды. Ол осының өзін жеткілікті деп санайды. Әйел миында басқа адамдармен сөйлесу кезінде 16 түрлі аумақ белсенді жұмыс істейді. Еркек ми тек сөздерді қабылдаса, әйел ми әңгімелесушінің түрін, ым-ишарасын, интонациясын ескереді. Осылайша, әйел ми айтылған сөздерді ғана емес, әңгімелесушінің айтылмай қалған ойларын да түсініп тұрады. Сондықтан да әйел миды еркек миға қарағанда алдау қиын.

Әдетте, әйелдер көп сөйлейді деп саналады. Бірақ негізінде бұл өтірік. Сөзшеңдік — әйелдердің қасиеті емес, әйелше ойлау типіне жататын адамдарға тән қасиет. Егер айналаңызда көп сөйлейтін еркек болса, оның миының ойлау типі әйелше болуы мүмкін.

Әйел ми бір уақытта бірнеше істі орындай алады. Ал еркек ми бір істі аяқтап барып, келесісіне кірісуді жөн көреді.

Сондай-ақ еркек пен әйел ми қауіп-қатерге басқаша әсер береді. Еркек ми жағдайға қарай күресу немесе қорғану жайлы шешім қабылдайды. Әйел ми алдымен көмек және қолдау іздейді. Яғни, тәжірибеде еркек ми қауіп төнгенде төбелеседі немесе қашып кетеді, ал әйел ми айқайлайды, жылайды, көмекке шақырады. Өмірде әйел миы бар еркекті — сақ, ал еркек миы бар әйелді батыл санайды. Бірақ оның қорқақтыққа немесе батылдыққа еш қатысы жоқ: бұл әйелше және еркекше ойлау типінің  өзін-өзі қорғау әдістері.


pixabay.com

Владимир Яковлев және Марина Собе-Панектің "Миға күтім" кітабының 7-ші бөлімінде де мидың жынысын, яғни адамның ойлау типін әйел және еркек деп бөлуге болатынын айтқан. Сіздің ойлау типіңізге сәйкес келмейтін қасиеттер мен қабілеттерді өзіңізде тәрбиелеуге тырыспау үшін миыңыздың жынысын білу маңызды.

Ойлау типіңізді түсіну үшін кітап авторлары шағын тест өтуді ұсынады?

1. Жалғыз қалғанда жиі ән айтамын. Иә/Жоқ
2. Бала кезде мен үшін жеңу өте маңызды болды. Иә/Жоқ
3. Толып тұрған бөлмеде адамдар не айтып жатқанын жақсы естимін. Иә/Жоқ
4. Бала кезде ағашқа барынша жоғары шыққанды жақсы көретінмін. Иә/Жоқ
5. Мен бірдеңемен айналысып отырғанда біреу мені алаңдатса, маған қайтадан жұмысқа оралу қиын. Иә/Жоқ
6. Мен біруақытта бірнеше істі оңай орындаймын. Иә/Жоқ
7. Адамның түріне қарап, ішкі жан-дүниесін түсіне аламын. Иә/Жоқ
8. Маған түрлі киімдерді жинап, категория бойынша реттеген ұнайды. Иә/Жоқ
9. Мен проблемаларды логикаға қарағанда интуиция бойынша шешемін. Иә/Жоқ
10. Маған бала кезде басқа адамдарды (шынайы немесе ойдан шығарылған) суреттейтін ойындар ұнайтын. Иә/Жоқ
11. Мектепте қолымнан көркем жазу жақсы келетін — мен қате жібермейтінмін. Иә/Жоқ
12. Мен бір істен тез жалығамын. Маған әртүрлі істермен айналысқан ұнайды. Иә/Жоқ
13. Маған жылдам жүріс ұнамайды. Иә/Жоқ
14. Маған публицистикадан гөрі романдар оқыған ұнайды. Иә/Жоқ
15. Маған жолды көшедегі нұсқаулықтардан гөрі карта бойынша тапқан ыңғайлы. Иә/Жоқ
16. Мен жүйелі түрде отбасыммен және достарыммен сөйлесіп тұрамын. Иә/Жоқ
17. Бала кезде физикалық белсенді ойындар ұнайтын. Иә/Жоқ
18. Мен заттарды үш өлшемде оңай елестете аламын. Мысалы, ғимараттың архитектор нобайы бойынша қалай көрінетінін білемін. Иә/Жоқ
19. Бала кезде маған заттарды жетілдірген, оларды одан әрі әдемі еткен ұнайтын. Иә/Жоқ
20. Бала кезде заттардың қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін оларды бөлшектеп қарау ұнайтын. Иә/Жоқ

Енді нәтижелерді санайық:

Мына сұрақтарға берген әр "Иә" деген жауап үшін 1 балдан аласыз: 1, 3, 6, 7, 9, 10, 11, 14, 15, 17.
Мына сұрақтарға берген әр "Жоқ" деген жауап беру үшін 1 балдан аласыз: 2, 4, 5, 8, 12, 13, 16, 18, 19, 20.

Сіздің жалпы балыңыз 20-ға жақын болған сайын сіздің миыңыздың жынысы — әйел, ал жалпы бал 1-ге жақын болса, ол — еркек.