Мидың бес қулығы: жаман әдеттер...

Жаман әдет жақсылыққа бастамайды және бүкіл ғұмырыңызды құрдымға жібереді. Әрине, сіз одан құтылғыңыз келіп, қолдан келгенше қарсыласып көресіз. Алайда, нәтиже жоқ. Не үшін екенін білгіңіз келе ме?

Себебі, сіздің миыңыз сізді өз әдет-қылығыңыздың шеңберінде ұстап үйренген...

Сіздің миыңыз сізді «болашақта» мүлде басқа жан болады деп санайды

Ертең таңғы сегізде емтихан тапсыру керек. Ал сіз болсаңыз, интернет желісінде қызыл да жасыл дүниеден бас ала алмай отырсыз. Бірақ, миыңыз баяғыда-ақ жату керектігін, ертең қан-сорпаңыздың шығатынын біліп тұр. Соған да қарамастан, ертең сіз мүлде басқа адам сияқты болып баратын секілдісіз. Ондай болса, ертеңгі күн өздігінен шешілсе, тағы да бір боевик көріп тастаңыз!

Ғылыми зерттеудің нәтижесі бойынша, біз өзіміз туралы, жақындарымыз туралы ойлағанда басымыздағы сұйықтықтың әр тараптағы бөлігі іске қосылады-мыс. Әрине, ең бірінші кезекте кез келген адам баласы өзін ойлайды. Сосын барып қана жақындарын ойлайды. Бірақ, бір адамдарда бәрі басқаша. Яғни бір адамдар өз болашақтарын ойлағанда өзгелерге арналған ми бөлігі жұмыс жасайтын болып шықты. Бұл енді, «өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деген сөздің кері жағы емес пе?!

Енді сіз тәтті тоқаштан  бас тартып, тренажер залына бара аласыз ба? Онда бірнеше айдан кейін бұтыңызыға белі келмей тұрған сымдарды елестетіп көріңіз. Топ-томпақ қалпыңызды миыңыз демде еске салып, артынша билік тапсырады: тағы да бір рет тәтті тоқаштың дәмін татып көру. Бас тартпаңыз!

2. Жақсы әдет-қылықтың қалыптасуына кем дегенде он күн кетеді

Мәселен, сізге құтылу керек бірнеше жаман әдеттер бар. Және оларды басқа әдеттермен ауыстыруға асығасыз. Ең бірінші кезекте тренажор залына билет алып, аптасына бірнеше күн жаттығумен өтетін болады. Тәтті у (арақ, темекі) мен тоқаштарға деген құмарлығыңыз ұмыт бола бастайды. Міне, сол үшін қанша уақыт керек? Өмірлік дағдыға айналу үшін?

Ғылыми зерттеулерге көз жүгірте кететін болсақ, бір әдеттің қалыптасуына 66 күн кетеді. Осы уақыт аралығында үгіт (өзіңізді боқтап алып) пен қиналыстар қалыптасып, өздігінен жүзеге асатын болады.

Бірнеше айдың көлемінде қаншама қиындықтар жолыңызға бөгет болады. Мысалы, ауырып қаласыз, тағысын басқа тағы да...

3. Ерік ұмтылысы – шектеулі күш

Күнде ертемен-ерте жүгіріп, алға қойған мақсаттарыңызды тыңғылықты орындап жүрсеңіз, ұзағынан сүйіндірсін дегіміз келеді. Өйткені, белгілі бір мөлшердегі мотивацияның жетіспеуінен (ең бастысы осы) бастаған ісіңіз (әдетіңіз) аяқсыз қалады. Ең қызығы сол, күндердің бір күні өзіңізге демалыс жариялап, «ұзағынан сүйіндіріп аласыз».

Адамдардың көбі өздерінің тілектеріне қарсы шығып, жүректеріне көп мөлшерде ауыртпалық әкеледі. Өз кезегінде екінші тілектеріне қарсылық көрсете алмайды.

Бір зерттеуде ғалымдар студенттерді екі топқа бөліпті. Біріне екі мәндегі санды, біріне жеті мәндегі санды есте сақтауды бұйырыпты. Және алдарына салат пен тәтті тоқаштар қойылған. Сөйтсе, әлгі екі мәндегі санды есте сақтағандар түгелдей дерлік салат жесе, жеті мәнді есте сақтағандар тәтті тоқаштарға ден қойған.

Анықталғаны, жеті мәндегі санды ұмыту үшін тәттіні жеп, бас ауыртатын артық бес мәнді жоққа шығарғылары келген екен-міс.

4. Миыңыз сіздің жетістіктеріңізді өзіне жеңілдік мақсатында пайдаланады

Ғалымдар тобы бір күні салмақ тастауға отырған адамдарды жинапты. Бір қызығы, топты екіге бөліп, бір топтағы адамдарға «жетістіктеріңіз өте жақсы» деген мақтаулар айтқан. Ал екінші бір топты мүлде мақтамаған.

Содан кейін әлгі мақталған топтағы адамдар жеткен жетістіктері үшін бір рет тәттіге ерік берген. Ал мақталмаған топ жай ғана алма жеп отыра беріпті.

Міне, ерік-жігерді тізгіндеп ұстамау арты қиын қиындықтарға алып келеді, Ең дұрысы, мақтанды елемей, телегей табыстарға жету жолында бәрінен бас тартқан дұрыс. Ескеріңіз, бір ғана осалдық. Кез келген адам баласының миы жеңілдікті жақсы көреді.

5. Сіз жаман әдетпен достасу арқылы үлкен олқылықтан құтыласыз

Кейбір адамдар өмір бойы қиындықтан арыла алмай жүреді. Олар бір қиындықтан соң екінші бір қиындыққа тап болмас үшін бәрінен бас тартады. Қасақана істелген бас тартудың арқасында өздігінен қиындықтар пайда болады.

Бұл дегеніміз көзге ілмейтін бір қиындықтан бас тартпау арқылы адам баласы үлкен олқылықтың алдын алдым деп есептейді. Және бір қиындықтың ішінде жүре беруге тырысады.

Мысалы, жалғыз жүрген бір жігіт күндердің бір күні қыздармен сөйлесуден қалады. Себебі, ол өзі танысқан бір бикештің оқымысты, түкке тұрғысыз екенін айтып, жүрегін жаралап кетеді деген ойдан мазаланады.

Тағы бір мысал, күнделікті жұмысқа барып жүрген адам екі нәрседен мезі болады. Офис ішінде галстук таққысы келмесе, үйде күнде таң азанмен тұрғысы келмейді. Ең жаманы сол, осы бір күш өмір бойы жанына ауыр тиіп, жұмыстағы белсенділігінің төмендеуіне алып келеді. Нәтижесінде қалай болса, солай жұмыс істеп, бойкүйезденіп жүріп тапқан жаман әдеті қоғамдағы бағасын анықтайды.

Саналық «меніңіз» әлсіздігіңізді жек көріп, қанша қарсыласып баққанмен, қолдан келер қайраны қалмайды. Ал түйсіктегі «мен» өзінің тілегін орындаттырып, сізді мәңгі бақи құл-илеудің шылғауында жүргізбек. Сіздің жалғыз мақсатыңыз?

сурет:vlirt.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт