Мидың белгілі бір аймақтары арасындағы байланыстар қалыпты болмауы кейбір адамдардың бойындағы еріншектік сезіміне әсер етуі мүмкін. Әрине, бұл барлық адамның жалқаулығын түсіндірмейді, бірақ Альцгеймер ауруы бар адамдарда немесе инсульттан айыққан науқастарда жиі көрінетін патологиялық жалқаулықты түсіндіреді.
Апатияның неврологиялық негізін түсіну үшін Оксфорд университетінің неврологтары түрлі тәжірибе жұмыстарын жүргізген. Оған өте сирек ерінетін әрдайым жұмысты уақытында аяқтайтын және ерік-жігері мықты жастар мен керісінше әрдайым істен қашатын, жауапкершілік алудан қорқатын және еріншек адамдар қатысқан. Зерттеуге қатысушылар шешім қабылдау ойынын ойнады, ал неврологтар олардың миында не болып жатқанын МРТ сканерлеу арқылы бақылап отырды.
Ойынның әр кезеңінде қатысушыларға біраз күш-жігері үшін сыйақы ұсынды. Қатысушылар күш-жігердің уәде етілген сыйға сәйкес ұсынысты қабылдау-қабылдамау керегін шешті. Күтілгендей, апатияға жақын адамдар сыйақы жоғары болса да, тапсырмаларды орындауға дайын емес екенін көреткен. Ал белсенді адамдар сыйға қарамастан ұсыныстарды қабылдаған кезде, МРТ-да олардың премоторлы ми бөлігі белсенді екенін көрсетті.
Қосымша зерттеулерден кейін еріншек адамдарда шешім қабылдауға және марапаттауды бағалауға қатысатын бөлігі — алдыңғы ми қыртыс мен қосымша қозғалтқыш аймағы арасындағы байланыстың аз екені анықталды.
"Ми бір күнде тұтынатын энергияның бестен бір бөлігін пайдаланады. Егер әрекетті жоспарлау үшін әдеттегіден әлдеқайда көп энергия қажет болса, онда әрекетті орындау үшін де тым үлкен энергия қажет", - деді зерттеуді жүргізген Оксфорд университетінің неврология және когнитивтік ғылым профессоры Махуд Хусаин.
Зерттеу туралы мақала Cerebral Cortex журналында жарияланды.