- Негізгі бет
- Психология
- Мейірім – есірткі...
Мейірім – есірткі іспеттес
Қайырымдылық адамға рахаттану сезімін сыйлайды дейді ғалымдар. Егер қайырымды іс жасауға бел бусаңыз, миыңыздағы нейрондар есірткі қабылдағандай белсенді бола түсетінін анықтаған.
«Жылы шуақ» (warm glow) деп аталатын бұл эффектіні донорлар, ерікті мен қайырымды адамдар жиі сезетінін алға тартады.
Жомарт болып, сыйлық беру ақшаны өзіңізге құртқаннан әлдеқайда қызықты екенін әрі жағымды екенін америкалық және канадалық ғалымдар дәлелдеген.
Қайымдылық – альтруистердің есірткісі іспеттес.
1. Бұл жұқпалы. Сіз көмектескен адамның жүзінен күлкі мен шуақты байқайсыз әрі олар сізге алғысын білдіреді. Сол уақытта сіздің миыңыз автоматты түрде бұл эмоцияны көшіріп алады.
2. Бұл үлкен өзгерістерге жол ашады. Егер қиындыққа тап болған адамға көмектессеңіз, оның аяқтан тұрып кетуі жылдам іске асады.
3. Қарым-қатынасты нығайтады. Қайырымды адамдарды бәрі жақсы көреді, олар магнит секілді, адамдарды өзіне еріксіз тартады.
4. Донор болу, қайырымдылық қорының мүшесі болу адамның өзіне деген сенімін арттырады. Адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
5. Жақсылық қайта оралады.