- Негізгі бет
- Психология
- Меркантилдік жұлдызнама. Бай...
Меркантилдік жұлдызнама. Бай болу үшін кіммен тұрмыс құру қажет?
Махаббат па әлде байлық па? Астрологтарға сенсек, әл-ауқатымыз жақсы болуы жанымызда болар жанға тікелей байланысты. Өмірлік серігіңізді таңдарда, жұлдызнама бойынша махаббат тұрғысынан сәйкестікті ғана емес, қаржылай қатынасқа да сүйенер болсаңыз, бұл материал сіз үшін. Байып кеткіңіз келе ме? Олай болса, серігіңізді меркантилдік жұлдызнамаға қарап таңдаңыз.
Тоқты. Сізге әуелік белгілермен, оның ішінде Суқұйғышпен жақын болған пайдалы. Таразы да сізге байлық әкелуі мүмкін. Алайда Сарышаяннан бойыңызды алшақ ұстаңыз. Ол сізді тақыр кедейге айналдыруы мүмкін.
Торпақ. Сіз үшін Суқұйғыш және Сарышаянмен байланыс пайда әкелуі мүмкін. Оған қоса от белгілері, яғни, Арыстан, Мерген және Тоқтымен бас қоссаңыз да, олжалы болу ықтималдығы бар. Бірақ екінші жағдайда, біраз күйіп-пісуге тура келеді.
Егіздер. Ауқатты болғыңыз келсе, Арыстан сіздің айнымас серігіңіз болуы тиіс. Тауешкі, Торпақ және Бикеш сіздің жаныңызда біраз баюы мүмкін, алайда сізге ешқандай байлық әкелмейді. Ал Сарышаян тек кедейлікке жетелеуі мүмкін.
Шаян. Сіз үшін Арыстан, Тоқты, Мергенмен не Торпақпен бас қосу ортақ пайда әкеледі. Яғни, атаулы жұптар сізді байытып, өздері де әл-ауқатын жақсарта алады.
Арыстан. Сіздің мүлтіксіз серігіңіз Егіздер болмақ. Онымен бірге жылдам байып, қаржылай ахуалыңызды көтеру мүмкіндігі бар. Оған қоса, Таразы, Суқұйғыш, Тауешкі, Бикеш және Торпақ сізге сәттілік әкелетін серіктер болмақ. Тек Сарышаянға жоламаңыз, себебі олар байлықты тек қашырады.
Бикеш. Сізге Сарышаянның қолдауы қажет. Көп жұлдыздарға Сарышаян қарсы келсе, дәл сіз үшін ең оңтайлы жұп болып, жолыңызды ашады. Өз түйсігіне сене отырып, олар сізге баюдың ең дұрыс жолын көрсетеді.
Таразы. Сіз өзге жұлдыздардың бәріне дерлік байлық әкелесіз. Бірақ әдетте өзіңіз көк тиынсыз қаласыз. Сізге баюға көмектесетін бірден-бір белгі – Мерген. Егер онымен бас қоссаңыз, қаржылай жетістікке қол жеткіздім деп ойлай беріңіз.
Сарышаян. Сізде бәрі күрделі. Барлық белгілердің жанында болсаңыз, сәттілікті үркітіп аласыз. Алайда Тауешкі, Торпақ және Бикешпен бас қоссаңыз, жағдай керісінше болмақ. Ал егер тек өзіңіз байығыңыз келсе, сізге ең жайлы жұп болатын Арыстан, Тоқты не Мерген. Бірақ соңғы жағдайда, сізге өз жартыңызға қарағанда көбірек жұмыс істеуге тура келеді.
Мерген. Суқұйғыш не Таразымен жолыңыз болады. Осы екі белгінің бірімен отбасын құратын болсаңыз, жарқын болашақ жайында уайымдамаңыз. Ал егер тек жалғыз өзіңіз байығыңыз келсе, Тауешкі, Бикеш не Торпақты іздеңіз.
Тауешкі. Сіздің бай болу-болмауыңызға ешбір белгі әсер ете алмайды. Сол үшін сәйкестік жайлы ойлап, бас қатырмасаңыз да болады. Есте тұтарлық бір жайт – Мерген, Тоқты не Арыстанмен бас қосу сізге тұрақты пайда көзіне кепілдік береді.
Суқұйғыш. Сізге өмірлік жарды Мерген, Тоқты және Арыстанның арасынан таңдаған жөн. Алайда Сарышаянның сіз үшін сәтсіз серік болатынын ұмытпаңыз.
Балықтар. Астрологияға сай, өмірдің кез-келген тұсымен бірге қаржы мәселесінде де сізге әрдайым иық тірейтін жан керек. Сізге бұл мәселеде көмектесе алатындар: Тауешкі, Бикеш немесе Торпақ. Ал өз бетіңізбен көтерілгіңіз келсе, онда Тоқтыны іздеңіз.
Егер жаныңыздағы серігіңіз сізге байлық әкелмейтін белгі болып шықса, жабырқаудың қажеті жоқ. Себебі астрологтардың айтуынша, ақша шақыратын белгіні өмірлік жардан басқа достарыңыз бен туыстарыңыздың арасынан табуға да болады.
Дереккөз: anabol.kz
Н. Үсенова