Менеджмент және көшбасшылық екеуі де ұйым үшін аса маңызды. Дегенмен, компаниядағы көшбасшылық пен менеджмент бір-бірін тек іс әрекеттің жүйесіне сәйкес толықтыратын екі бөлек дағды. Әрқайсына тән өзіндік қызметтері мен ерекшеліктері бар. Ал, заманауи әрі ағымы жылдам бизнес әлемінде жетістікке жету үшін екі дағдыны да қалыптастыру керек.Стэнфорд университеті, бизнес факультетің деканы Роберт Джосс: Көшбасшылық белгілі бір ұйымның өсуіне септігін тигізіп, ол жерде болатын өзгерістер мен қиындықтарға мойымай, соған сәйкес жауапкешілікті мойнына ала білумен өлшенеді. Ол атақ емес, билік емес, мансап та емес, бұл жауапкершілік, деген болатын. Бір жағынан, көшбасшылық адамның жеке қасиеттері арқасында пайда болады. Оның мақсаты, құндылықтарын біріктіре отырып, белгілі бір ортаның не ұйымның дамуы үшін күш жұмсай білуі көшбасшылыққа бастайтын жол болмақ. Ағылшын тіліндегі leadership қол астында қызметкерлерді бір арнаға бағыттай алатын, қойылған мақсат үшін дегенінен қайтпайтын, саналы шешім қабылдайтын адамның іс-әрекетін сипаттайды. Мына қасиеттер менеджер мен көшбасшыға сай жіктелген. Бірақ, кейбір қасиеттер екі басқару жүйесіне де тән екенін ұмытпаған жөн.Менеджер және Көшбасшы Тапсырма береді Шабыттандырады Өзгенің мақсаты үшін жұмыстанады Ортақ мақсат үшін тер төгеді Әрекет негізі: жоспар Әрекет негізі: алдын-ала болжау Жүйе бойынша әрекет етеді Адамдарға сенеді Дәлел қолданады Эмоцияға ерік береді Бақылайды Сенеді Қозғалысты қолдайды Қозғалысқа күш береді Кәсіби маман Энтузиаст Шешім қабылдайды Шешімді жүзеге асырады Істі дұрыс атқарады Дұрыс істерді ғана қолға аладыДегенмен, көшбасшылық жеке қасиет, ол мотивация мен идеология емес екенін есте сақтаған жөн. Біріншіден, көшбасшылық адамдардың арасында орнаған қарым-қатынас жүйесі: топтағы адам қозғалыстың басы-қасында болып, топтың әрекетіне, туындайтын қиындыққа және нәтижені өз жауапкершілігіне алады.Осылайша, менеджер мен көшбасшы түсінігінің екі бөлек екенін аңғаруға болады: менеджер қызмет, ал көшбасшы белгілі бір ортаның мойындауымен пайда болады.Managers do things right and leaders do right things: мағынасы жақсы менеджерлер іс-әрекетті тыңғылықты орындайды, ал, көшбасшы ненің орындалуы тиіс екенін бірден аңғарады.Екіншіден, менеджер тапсрыма береді, көшбасшы шабыттандырады. Егер менеджер нақты тапсырмалар беріп, анық мақсаттар қойса, көшбасшы топтық жұмысқа кірісіп, жоспарды орындауда өзі де күш салады. Одан бөлек, қызметкерлерді ынталандыру үшін позитивті ортаның қалыптасуын қадағалайды. Сонымен қатар, менеджер жүйеге сәйкес әрекет етсе, шынайы көшбасшы адамдарға сенім артады. Сенім орнату үшін, оларды байланыстыратын шағын бас қосуларды ұйымдастырады. Сондықтан, Dell, Google, Southwest Airlines, Apple және Wallmart секілді компанияларда көңілді кештер мен бас қосулар жиі болып тұрады.Boston Scientific компаниясының негізін қалаушы Джон Абель мұны былайша түсіндіреді: Нені тойлатсаң, соған қол жеткізесің.Психологиялық тұрғыдан, бір уақытта адамның бойынан менеджерге және көшбасшыға тән қасиетті көру мүмкін емес. Өйткені, олардың жеке қасиеттері түрлі типке жатады. Сондықтан, сауатты менеджер мен талантты көшбасшыны бір адамның бойында дамыту үшін, бұл түсініктерді терең зерттеп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ұғыну тиіс. Ал, сіздің бойыңызда қай басқару типі басым?