Жоқшылық пен тоқшылық қарама-қарсы ұғым екені анық. Дегенмен тоқшылықтың бәрі тоқ, жоқшылықтың бәрі жоқтықты өмір сүріп жатқан жоқ. Әркімнің өзіне тән басбармақтай ғана бақтары бар. Қоғамда адамды күйзеліске түсіретін ең бірінші дүние ішкі жан дүниенің қалауы болмай қалған кезде немесе өзін жегідей жеп, «менде ештеңе жоқ» деп өмір сүру.
«Менде бәрі бар» деп өмір сүріп көріңіз
Ол сізге жігер береді. Сіз «бар» деп айтқан сөзіңіз үшін жауап бересіз, еңбектенесіз. «Жоқ» деген сайын жоқ дүние табылмайды. Тіпті жоғалтып аласыз.
«Бар» деген сөз ең бірінші – жауапкершілік. Қиындықтан қашып құтылып өмір сүргеннен гөрі, қайта араласып, қасында болып, «бармын» деп тұрыңыз.
Ақшаңыз жоқ болып тұрса да қарсы беттегі адамға «бар» деңіз. Ал сіз өзіңізде жоқ дүниені бар деп айтқаннан кейін, оны еңбектеніп табуға тырысасыз. Бұл сізді жұмысты жақсы жасауға көмектеседі.
Күйзеліске түспес үшін, іштей дертке шалдықпас үшін жоқ нәрсені сіз жасаңыз. Қолыңызда тұрған дүниеден бәрін жасауға болады. Бастысы талап болу керек. Себебі талапсыз ештеңе өнбейді. Ал талапты жанып беретін ол «бар» деп өмір сүру.
Өзіңіз кедей болсаңыз да «бар» деп тұрыңыз. Себебі адамның он екі мүшесінің сау болуының өзі, ол адамның бай екенін көрсетеді. Екі қолға бір күрек таба алсаңыз, сізден бай кім бар?
Барға қанағат қылуды да ұмытпаңыз!