Сұлулығына, ақылдылығына қарамастан ұзақ жылдар бойы жалғыз жүретін арулар бар. Оның себебі неде?
Басы
Сенімсіздік
Кейбір сұлу қыздар бала кезінен өзіне сенімсіз болып өседі. Мұның себебін біз онлайн-дәрісте ашып айтқан едік.
Достары, құрбылары, жақындары «сен сұлусың, әдемісің» деп қайта-қайта айтса да, өзін ұсқынсыз, көріксіз деп санайтын қыздар көп. Қыздың өз-өзіне деген сенімсіздігі оның әрбір сөзінен, қылығынан білінеді. Әйел заты өзіне сенімсіз болса, ер адам мұны әрқашан сезеді. Күндердің күнінде жұбынан айырылып, одан сайын қамығып, махаббаттан көңілі қалады.
Уайымдау
Кейбір қыздар ата-анасы мен бауырларының жағдайын ойлап, «алдымен отбасыма көмектесейін» деп, махаббатты екінші кезекке қояды. Мансап қуып, табысты көбейтудің жолдарын қарастырып, ата-анасының жанынан ұзап кете алмай жүреді. Мұндай адамдар психология саласында «өзін, өз бақытын ата-анасы үшін құрбан ету» деп қарастырылады. Расында да, бауырларын оқытамын, үйіме еңбегім сіңуі керек деп, 30-ға дейін тұрмысқа шықпай жүре береді. Мұндай шақта ата-анасы қызына отбасын құрып, балалы болу туралы айта бастайды. Расында да адам баласы өз уақытымен бала сүйіп, соның қызығын көруі керек емес пе? Әуелде жат жұрттық болып туған қыз бала оқуын оқып, бір-екі жыл жұмыс істеп, әке-шешесіне еңбегінің жемісін жегізіп, жақсы жігітпен тұрмыс құруы керек. Бұл халық арасында ең «оптималды» шешім. Алайда бұл ұстанымды барлық қыз қолдамайды.
Не дегенмен, жиырманың бесеуіне келдім деп, жолыққан жігітпен серттесіп, тұрмыс құру да дұрыс емес. Себебі 20 жаста да, 30 жаста да өзінің теңін тауып, бақытты отбасын құрып жатқан жұптар бар. Мұның бәрі бейсаналы түрде іске асады. Егер «мен жақсы жігітті кездестірмейтін шығармын», «отырып қалатын болдым», «маған жақсы жігіт енді келмес» деп ойлайтын болсаңыз, міндетті түрде соның бәрі орындалады.
Қанша жасқа келсеңіз де, саналы да, бейсаналы да түрде дайын болған шағыңызда сізді бақытты ететін жан кездеседі.