Ажал айтып келмейді. Ол бір күні болмасын бір күні келіп сізді алқымдары анық.
Менің әкемнің өлімі түсініксіз жағдайда болды. Тіпті аяқ асты. Ол 27 жасында дүниеден өтті. Мен ол кезде 8 жаста едім. Рак оның түбіне жетіп тынды.
Анам мені сабақтан ерте алып кетті, ауруханаға келдік. Жеткенде әкемнің жағдайы нашарлап кеткенін айтты. Мен әлі баламын. Ештеңені түсініп үлгере алмай жатырмын. Мен ашуландым, неге дәрігерлер оны аман алып қала алмайды. Ашумен бірге жылап жібердім. Енді әкем жоқ. Ауруханадан шығып бара жатқанымда дәрігер хат толы жәшікті қолыма ұстатты. Ұстатып тұрып: «әкең бұл жәшікті саған беруімді тапсырып еді. Әкең бір апта бойы осы хаттарды жазумен болды. Дәл қазір біреуін ашып оқуды тапсырды. Мықты бол...»
Хаттың бетінде «Мен жоқ кезде...» деп жазылып тұрды.
Ұлым!
Егер сен бұл хатты оқып отырсаң, онда мен жоқпын. Өкінішті. Мен соңы осылай болатынын саған айта алмадым. Сенің жылағаныңды көруге шыдай алмас едім.
Саған әлі көп нәрсе үйретуім керек еді. Айналып келгенде сен ештеңе білмей кеттің. Сондықтан бұл хаттарды саған жазып отырмын. Бәрін бірден ашпа. Өз уақытымен ашасың. Бұл жігіттік келісім болсын.
Мен сені жақсы көремін. Анаңа қамқор бол. Енді сен үйдің қожайынысың.
Жақсы көрем, әкең.
Хатты оқып болған соң жасымды тиып, өзіме келдім. Іштей ойға да кеттім. Үйге келген соң анама жәшікті ашпауын өтіндім. Өйткені ол хаттар маған арналған. Анам да ол хаттарды оқымауын сұрадым. Арада 7 жыл өткен кезде біз басқа жаққа көштік. Ең қызығы, мен хаттар туралы ұмытып кеттім, тіпті жәшіктің қайда екенін де білмеймін. Жәшікті қанша іздесем де таппадым. Ақыры күндер өтіп, бір қызық жағдайға тап болдым. Бұл жағдай менің жәшікті тауып алуыма себеп болды.
Анама әкем қайтқаннан кейін тұрмыс құрмады. Себебі олар бір-бірін шынайы сүйген болатын. Бірақ анамның өмірінде бір жігіт пайда болды. Ол оны құрметтемейтін және менің оған ашуым келетін. Себебі анам құрметке лайық адам. Сол жағдайға байланысты анам екеуіміз ұрысып қалдық. Мен ашумен көп нәрсе айтып қойдым. Кешкісін ойланып отырып, хат толы жәшікте «анаңмен ұрысып қалған кезде...» деген тақырыпшасы бар хатты тауып алдым:
Енді анаңнан кешірім сұра!
Мен екеуіңнің не үшін ұрысып қалғандарыңды білмеймін, бірақ кешірім сұра. Мен анаңды білемін. Ең дұрыс шешім осы.
Ол – сенің анаң. Ол сені бәрінен қатты жақсы көреді. Анаң сені ауруханада емес, халық емімен босанғанын білесің бе?! Ал сен дәл осы жолмен босанған әйелдің қандай күйде болатынан сезіндің бе?! Бұдан артық қандай дәлел керек.
Кешірім сұра, ол сені кешіреді.
Әкем жазушы емес, бірақ бұл сөздер маған өте әсер етті. Мен бөлмемнен шығып анамнан кешірім сұрап, жылап алдым. Анам кешірді. Тіпті ұмытып кетті. Уақты өтті. Мен есейдім. Үйленіп үй болудың қамын жасағым келді. Сол кезде әкем қалдырған «Сен үйленгенде» және «Әке болғаныңда» деп аталатын екі тілім хатты қолыма алып оқып шықтым:
Енді сен нағыз махаббатты сезінесің. Түсінесің. Сен әйеліңді қалай сүйетініңді байқайсың. Ең ұлы сезім ол емес, әке атанған кезде сен одан да асқан бақыт сезіміне бөленесің.
Бұл хаттар мен үшін зор мәні бар еді. Жылдар өткен соң анам дүниеден қайтты. Қатты қайғырып жүрген кезімде тағы да әкемнің «анаң дүниеден озғанда...» деп аталатын хатын оқыдым:
Енді ол менікі!
Құлазып жүрген көңіл басылды. Себебі хаттағы сөз мені жұбатты. Ол ешқайда кеткен жоқ, әкемнің қасына кетті деп түйдім.
Иә, жазылған хаттар менімен бірге өмірімнің соңына дейін жүрді. Себебі хаттардың бәрі бір күнде оқуға келмейтін жүйеде жазылған. Әр хаттың уақыты бар. Әкемнің жазып қалдырған хаттары өмірімнің соңына дейін маған қамқор болып келген сондықтан болар.