Ес-түссіз ғашық болу... Дүниені ұмытып жақсы көру... Махаббат! Эх, осы бір сегіз әріп, бір арман сөздің соңынан кімдер ермеді десеңізші!? Біз онымен көкте қалықтаймыз, кездесуге де уақыт санаумен боламыз, тау қопаруға әзер тұрамыз...
Бірақ, махаббат деген бір сезім бар да, құмарлық, алдамшы сезім, ұнату дегендер бар. Бүгін шын махаббаты, шын ғашық екендігіңді біржола анықтау үшін 6 негізгі белгі туралы айтып өтпекпіз:
1. Ұйқысыз түндер мазаңды алды.
Ойыңды біреу толғымен билеп алған болса, сен бір сәтке болсын оны армандауды доғара алмайсың.
2. Үнемі ойлайсың.
Өмірдің кез келген сәтінде алаңғасарлығыңды тастап кете алмайсың. Сондықтан керек аялдамадан өтіп кетсең, кілтті ұмытып, нөмірді қате тере бастасаң таңырқама.
3. Жігіт (немесе қыз) атаулыға немқұрайлы қарай бастадың.
Енді сені Қайрат Нұртас та, Мейрамбек Беспаев та қызықтырмайды.
4. Оған қатыстының бәрі қызық.
Сен оның әлемінің бір бөлшегіне айналғың келеді. Оның қызығушылықтарын бірден қабылайсың және сенің қызығушылығыңа айналады.
5. Бәріне келісуге дайынсың.
Әрқашан және бәрімен. Өзіңнің құлшыныстарыңды құрбан етуге де барсың, себебі оны қуанту керек. Тек абай бол, өзіңді сүйгенің үшін де жоқ қылуға болмайды. Олсыз да өмір сүрген кездеріңді есіңе ал.
6. Өмір керемет.
Тап бір қанатың бар секілді қалықтап жүрсің. Бәрі саған керемет, мейірімді көрінеді. Қатал бастық та, бітпейтін кезектер де, есеп-қисап та сізді ашуландыра алмайды. Бұл – махаббат. Ол күн секілді, шуағын шашады да, өмірді жайдарлы, жарқын, нұрлы етіп жібереді.
Ал сен ғашықсың ба?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: fanpop.com