Жігіттер, қыздарды жиі еркелетіп тұрыңыздар! Нәзік жанды арулар жылы сөзге қашан да зәру. Тек жүректен шыққан сөзді көңілден шыққан пейілмен астастыра білу керек.
Қыздарға жағатын еркелету сөздерi:
"Жаным менің!" "Жаным" дей ме? "Сені жанымнан артық көремін" дей ме? Егер осы шындыққа сыятын болса, қалпақты аспанға атып қуануға болатын шығар. Әй, ол тек жай сөз ғана ғой. Сонда да бұл сөзді ауызға жүрек пен таза пейіл салып отырған болар, бәлкім. Ғашықтардың аузында ғана емес, басқаның да сөзіне арқау болатын бұл сөздің қадірі кетіп қалғанын айтып жатамыз. Басқаға әңгіме арасында айтып отырсақ та, кейде соны сүйгенімізге айту бір мұң ғой. Мұндайда бұл сөздің әлі де сыйы барын ұғасың.Ал сіз сүйгеніңізді қалай еркелетесіз?
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: mail.ru