- Негізгі бет
- Психология
- Мектепте неге айтпаған?!...
Мектепте неге айтпаған?!
Мектепті қойшы, қазірдің өзінде біраз қарапайым ақылды білмей жүргеніміз бар. Олар тым қарапайым, бірақ оны әрқайсымыз біле бермейміз, неге?
1. 80/20 (Парето принципі)
Табысыңыздың 20 пайызы ғана сіздің қалыптасуыңызға көмектесе алады. Сіз жөн-ау деп жасап жүрген дүниеңіздің 80 пайызы мүлдем керексіз іс.
2. Паркинсон заңы
Бір істі өзіңіз ойлағаннан да жылдам жасай аласыз. Тапсырманы орындауға қаншалықты көп уақыт жұмсасаңыз соншалықты көп уақытыңызды бос әуремен кетіретініңізді біліңіз.
3. Көпшілікпен бірге...
Іш пыстырарлық әрі қиын жұмысты біріге атқару барысында көппен бірге болсаңыз – бұл ең оңай жол.
4. Бірінші беріңіз, сосын ғана алыңыз.
Осыны назарда ұстасақ қана табыс біршама көбейеді.
5. Уақыт легінен бір қадам алда жүріңіз.
Күлкіге қалуға қорықпау керек. Бұл күлкі күтуден де ауыр болмақ.
6. Қателіктер мен сәтсіздіктер – пайдалы.
Қателік сізге тәжірибе береді, қызықты білім алуға және сәтті адам болуға септігін тигізеді. Өз ісіне адал адам ғана қателікті көтере алады.
7. Өзіңізге қатал болмаңыз.
Бұл сіздің артық уақытыңызды алып, уайым-қайғы арқалатады.
8. Жақсы қарым-қатынас жасаңыз.
Әрбір кездесуге (тіпті танымайтын ортаға да) ең жақын достарыңызбен көрісуге барғандай болыңыз. Бұл кезде сіз артық уайымдау мен жүйке жұқаруын тоқтатасыз.
9. Реалист болыңыз.
Бірақ реализмнің астарында пессимизм тығылып жатпасын.
10. Қайырымдылық.
Өзіңізді бақытты сезінгіңіз келсе өзгелерге көмек көрсетіңіз. Бірақ өзіңізге керек дүниені әлдекімге беруден сақтаныңыз.
11. Өзіңізді өзгемен салыстырмаңыз!
Сіз оның орнында, ал ол сіздің орныңызда ЕШҚАШАН болмайды. Оданша бұған дейінгі өзіңізбен салыстырыңыз, қаншалықты өзгергеніңізге баға беріңіз.
12. Қорқыныш.
Сіздің қатты қорқатын дүниеңіздің тек 80-90 пайызы ғана болуы мүмкін. Қорқыныш өз санаңыздың «жемісі». Уақытыңыздың да соры қорқыныш пен уайым болмақ.
13. Кез келген дүниені әзіл деп түсінген дұрыс.
Бүгін қиын, шешусіз мәселе болып көрінген – ертеңгі күлкілі әңгіме. Ашуланған кезде бәрін де сырттан бақылап көрген дұрыс.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
А. Құлтай