Әр қыз бір рет болса да артынан жүгіріп қалмайтын, мазасын әбден алған жігітке тап болады. Басында оның сіздің көңіліңізді табу жолдары, сөздері мен сыйлықтары ұнаса да, албырттығы тез арада жалықтырып, жыныңызға тие бастайды. Осындай сәттері тым пысық жігіттен қалай арылуға болады?
Өтірік ғашық бола қалыңыз
Сіз де оған ғашық бола қалыңыз. Ессіз, үлкен сезімге беріліп, артынан қалмай қойыңыз. Смс хабарламалар, қоңыраулар, хаттар... Саны көбірек болғаны дұрыс. Сонда жігіт өз әрекеттерін сыртынан көріп, түсінеді.
Достарымен ұрсысыңыз
Жігіттер үшін достарының орны бөлек. Ендеше соның достарымен қарым-қатынасты құрту арқылы оны да сабасына түсіресіз.
Қуыңыз
Сол жігіттің алдында аяқ асты біртүрлі әрекеттер жасаңыз. Өзіңіздің одан да ессіз екеніңізді көрсетсеңіз, ол қасыңызда ұзаққа қалмайды.
Қорқынышты әңгімелер
Өзіңіз не өзіңіздің отбасыңыз жайлы ойдан қорқынышты, біртүрлі оқиға айтып беріңіз. Немесе болашаққа деген жоспарларыңыз тым "ерекше" болсын.
Білікті жігітпен достасып алыңыз
Әрине бұндай жабысқақ жігіттен арылудың бірден-бір жолы - білікті, мықты жігітпен достасып алу. Екеуіңіз жай әңгімелесіп жүрсеңіз де, маза бермейтін жігіт оны сіздің жігітіңіз деп ойлап, артық қиындықтарды қаламай, сол жерде-ақ артқа шегінеді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: mevabe.net