Сіз бір жерде тұрақты жұмыс істедіңіз делік. Уақыт өте келе көптеген тәжірибе жинақтайсыз. Көресіз, көңілге түйесіз, ысыласыз. Бұрындары мүлде хабарыңыз жоқ нәрсені игеріп аласыз. Алайда, өмір болған соң, адам мәңгілік бір орында жұмыс жасай бермейді. Жұмыс ауыстырып, өзін басқа жерде сынап көргісі келеді. Кейде бір жұмыс жалықтырып жіберуі мүмкін. Жаныңызға жақын іспен айналысу жайлы кеңірек ойланып көрдіңіз бе? Көрмесеңіз, осы жөнінде бірнеше әдістерді айтып көрелік.
Бір кездері өзіңіз істегіңіз келген жұмыс жайлы ойланып барып, орын ауыстыру. Қозғалыс эмоцияны өзгертеді, ал жаңа орын табу жаңа мүмкіндіктерге, тың, өзгеше ойларға жол ашады.
Басыңыздағы шешілмеген түйіндер жайлы (мүмкіндігінше) өзге адамның көзқарасымен ойлап көріңіз. Сіз жақсы көрген жан сізге кеңес беріп отырғанын елестетіңіз. Бұл тәжірибені қажет етеді, алайда өзіңізге пайдалы бірнеше кеңес естисіз.
Арманыңыздың суретін салыңыз. Оның қаншалықты үні естілетінін, жұпары аңқитынын, жақын қалғанын ойша елестетіп көріңіз.
Сіз сүйетін іспен айналысатын адамды тауып алып, одан кеңес сұраңыз. Бұл – ойлауды сәндеу деп аталады.
Табысты деп нені есептейсіз, соны анықтаңыз. Табысқа жету жолында қандай кедергілерге тап болуыңыз мүмкін? Табысқа жетем деп сүйікті ісіңізден бас тартпаңыз.
Өзіңізге ұнайтын жұмысты қалай бастау керектігі жайлы жиі ойлаңыз. Ойыңыз мынадай болсын: кедергі келтіретін әдепкі жағымсыз ойлардан арылу.
Жымиыңыз. Күлкі әдетке айналған жағымсыз, негативті ойлардан арылуға көмектеседі. Кез келген қиындықты күліп қарсы алыңыз.
Бұл істі 8 жастағы бала істей алады деп ойлап көріңіз. Жеткіншек барлық қағиданы бұзып, қандай сұрақтар қоя алатыны таңғалдыруы ғажап емес.
Мәселеден шығудың түрлі жолын аранйы парақтарға жазып, қабырғаға жапсырып қойыңыз. Сол кезде сіздің миыңызда қиындықтан шыға алмау жайлы ой болмайды.
Жан жүрегіңіз қалайтын жұмыстың тізімін жасаңыз. Тәуекел етуге талпынып көріңіз.
Алға жылжудың құрылымын жасаңыз. Белсенді һәм көңілді құрылымдар жағымсыз идеяларды әрқашан жолда қалдырып кететінін ұмытпаңыз.
Сүйікті ісіңіз жайлы бас қатырған сәтте ойыңызға келген идеяларды 30 минут ішінде жазып шығыңыз. Бастамаларды кіші бастамаларға бөліп жатқан уақытта біздің ерік-жігеріміз бен энергиямыз өседі.
Дәл уақытында келетін идеяларды ұстап қалыңыз. Мысалы, дәл қазір ойыңызға келген идеяларды сол сәтінде жазып үлгеру керек.
Бұл істі істеуге «ниеттімін» деп іштей қайталаңыз. «Аяғына дейін жетпейінше қоймаймын, менің қолымнан келеді» деп өзіңізге талап қойыңыз. Істің барлығы ниеттен басталады. Ешкім естімей тұрғанда, дәл қазір байқап көріңіз.