Маржан құртының денесіне үнемі құм-қиыршық, ұсақ тастар кіре береді. Ол осы кезде өзін өте жайсыз сезінетін, әрі бұл құм-тастарды шығарып тастауға қауқары жоқ еді. Маржан құрты ешкімге өкпе-наз айтпай-ақ, әлгі тастарды өз денесімен қатты қысқан күйде, оны жетілдіріп, қыры көп інжу-меруертке айналдырып жібереді екен.
Даланың апай төсінде жүрген құландар болса, күннің ыстығында сонаға таланып, қансорғыш жарқанаттың талауына түсіп, бүгелектеп, пана таппайды екен. Сона мен қансорғыш жарқанаттан бас сауғалау да мүмкін емес. Олардан қашудың жолында аласұра жанталасып жүріп, талай құлан зорығып өлген. Құланның өліміне себеп болған ең бастысы өр мінезді түз жануарының тарпаңдығы мен намысы еді.
«Түрлі-түрлі жүйрік бар, әліне қарай шабатын» дегендей, маржан құрты мен құланның өмірі тек өліммен аяқталады екен. Бірі мәңгі жарқырауы мен құнын жоғалтпас бағалы тасқа айналса, бірі қу медиян даланың бір бұрышындағы жар түбінде жемтік боп қалды. Өмір сүрген ортаға бейімделу, өзгермейтін ортаны пайдаланып өзгеретін өзіңдегі құндылықты жарқырата шығару біздің ойымызға түсе бермейтіні неліктен?!
Құланның тағылығын үйренбеңіз, маржан құртының тағдырын қайталауға тырысыңыз!
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com