Әйел жалғыз болмауы тиіс. Бірақ қоғамда жалғызбасты ана да, оң жақта отырған қыз да көп. Қандай қыздар өмірін жалғыздықта өткізеді?
1. Отбасы бар еркекпен араласатын әйел. Біреудің бақытсыздығынан бақыт табу мүмкін емес. Біреуді жылатып қуаныш таба алмайсың. Сондықтан көбіне бір отбасын ойрандаған әйелдер соңында балаларын құшақтап жалғыз қалып жатады.
2. Жұмысына берілген әйел. 25-50 жас аралығындағы кез келген қыз-келіншек өзінен 10 есе аз табатын еркекке тұрмысқа шыққысы келмейді. Жұмысында белгілі бір табысқа жеткен әйел көлденең көк аттыны менсінбей, өзіне тең көрмей, соңында жалғыз қалады.
3. Бос уақыты жоқ әйелдер. Ондай әйелдер өте көп. Шын мәнінде бос уақыты жоқ олардың. Жұмыстан келеді, үйде екі баласы күтіп отырады, өзі ажырасқан делік. Олар махаббатын жаңадан іздеуге уақыт таппайды. Сөйтіп жүріп уақытын өткізіп алады.
4. Ертегідегі ханшайым. Кейбір қыз-келіншектер өздерін тым жоғары бағалайды. Бұндай қыздарды ата-аналары көбіне қолдайды, өйткені, кез келген ата-ана баласының жақсы жерге барғанын қалайды. "Маған жеткің келсе, алдымен күрес!" дейді ондай қыз алдына келген жігітке.
5. Өзімшіл, эгоист әйел. Ондай әйелдер көп. Өзімшіл, қызғаншақ әйелдер күндердің-күнінде ер адамын өзінен бездіріп жібереді. Өйткені ол қолындағысын ешкіммен бөліскісі келмейді. Көбіне өзімшіл әйелдер жалғыз қалғанда бақыттырақ өмір сүреді.
6. Жүрегінде жарасы бар әйел. Бала кезінде еркек атаулысынан көңілі қалған қыздар болады. Оған маскүнем, жауапсыз әке кінәлі. Бұндай әкені көрген қыз өте тәрбиелі болып бойжеткенімен, тұрмыс құруға асықпайды. "Барлық еркек бірдей" деген оймен өмір сүретін қыздар жігітке сенбейді, өзіне жақындатпайды.
Егер сіз жоғарыдағы тізімнен өзіңізді көріп отырсаңыз, ойланыңыз! Әйел өзгерсе, әлем өзгереді. Жалғыздықтан құтылудың жалғыз жолы – өзгеру.