Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? Тест

Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? Тест
Фото: sites.google.com

Алдымен туған күніңізге байланысты жеке кодыңызды анықтаңыз. Түрлі мамандық тобы белгілі бір санмен байланысты. Мәселен, туған күніңіз: 25.12.1983 
Күні: 25=2+5=7 
Айы: 12=1+2=3 
Жылы: 1983=1+9+8+3=21=2+1=3 
25.12.1983=(2+5)+(1+2)+(1+9+8+3)=7+3+3=13=1+3=4 
4 саны – сіздің жеке кодыңыз 
Егер сізде екі таңбалы сан шықса, онда оларды өзара қосып, бір сан алу керек. Мәселен: 23=2+3=5

Нәтижені жеке код бойынша қараңыз 
1. Қызмет саласы: Түрлі дәрежедегі бастықтар. Шығармашыл жандар. Ұйымдастырушылар. Жауапкершілік танытып, нәтижеге қол жеткізе алатын белсенді, қызу жұмыстар. 
Мамандықтар: Банк қызметкері, менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші. 
Мақсат: Өзіне сай келетін істі табу. 

2. Қызмет саласы: Өзгелерге қамқорлық көрсетіп, көмек беруге байланысты мамандықтар. Қоғамдық қызмет көрсету саласы. 
Мамандықтар: Дәрігер, қоғамдық қызметші, өнер қайраткері, саяхатшы, ойшыл, үй ханымы, фермер, актер. 
Мақсат: Сезім мен қиялды дамыту. Сүйікті және танымал болу тілегі. 

3. Қызмет саласы: Медицина, техникалық мамандық, өздігімен жұмыс істеу қабілеті. Ойлау жүйесі белсенді түрде жұмыс істейтін кез келген сала сәйкес келеді.
Мамандықтар: Менеджер, әскери қызметші, кеден қызметшісі, хирург, спортшы, кәсіпкер, журналист, администратор. 
Мақсат: Күш пен қуатты түгелімен жұмыс жолына арнау. 

4. Қызмет саласы: Майда бөлшектерге аса назар аудару қажет кез келген жұмыс, өндіріс, бақылау мен қорғауға байланысты жұмыстар. 
Мамандықтар: Аналитик, журналист, мұғалім, администратор, сатушы, емші, ақпараттық қызмет, дәрігер, құрылысшы. 
Мақсат: Ақпаратты жинақтау, саралау, тапсыру, үнемі ізденісте болу. 

5. Қызмет саласы: Халықаралық ақпарат алмасумен байланысы бар жұмыс. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсету орны. 
Мамандықтар: Заңгер, жарнама агенті, қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, психолог, жазушы, аудармашы, ғалым, мұғалім, кәсіпкер, менеджер.
Мақсат: Ақиқатқа, жоғары білімге ұмтылыс. 

6. Қызмет саласы: Адамдармен араласуды қажет ететін өнер мен қызмет салалары. Оқу орындарындағы, қоғамдық ұйымдардағы жұмыс, медицина. 
Мамандықтар: Косметолог, дизайнер, елші, адвокат, дәрігер, ресторатор, фотограф, банк қызметкері, музыкант, суретші, жазушы, әртіс, зергер. 
Мақсат: Бұл әлемге сұлулық пен үйлесім әкелу. 

7. Қызмет саласы: Қоғамдық ортадағы жауапты қызметтер. Шыдамдылықты қажет ететін жұмыс. 
Мамандықтар: Кеңесші, стилист, риэлтор, құрылысшы, заңгер, психолог, сатушы, банк қызметкері, фермер, шахтер, администратор, құқық қорғау қызметкері, дәрігер, тарихшы, шенеунік, дизайнер. 
Мақсат: Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өзін дамыту. 

8. Қызмет саласы: Шығармашылық жұмыспен байланысты іс. Басқару қабілеті көрінетін жұмыс. 
Мамандықтар: Маркетолог, қаржыгер, өнертапқыш, атомдық энергетика маманы, қоғамдық қызметкер, механик, инженер, мұғалім, биші, дәрігер. 
Мақсат: Демократия, адамның еркіндігі мен құқықтарын қорғау. 

9. Қызмет саласы: Қиял мен түйсікті қажет ететін кез келген қызмет. Өзіңді жақы көрсетуге мүмкіндік беретін сала. 
Мамандықтар: Фармацевт, химик, ғалым, сазгер, ақын, актер, емші, мұнай саласының қызметкері, теңізші, жеке детектив, қоғамдық қызметкер, психолог, заңгер. 
Мақсат: Шынайы руханилыққа қол жеткізу. 

Дереккөз: anabol.kz

Н. Үсенова