Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін не істеу керек? Бұл жайында біз өткен материаламызда сөз бастаған едік.
Басы
6. Сәтсіздіктен қорықпаңыз
Бір, екі рет болған сәтсіздік үшін қол қусырып отыруға болмайды. Қазақтың танымал ақындарының бірі Мұхтар Шахановтың «өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық деп кім айтты саған?» демекші, сәтсіздік тәжірибеңізді ұлғайтады.
7. Жүрекке жақын қабылдамаңыз
Көптеген адамдар, оның ішінде достарыңыз, әріптестеріңіз сіз жайында уақытының 1 пайызында ойланады. Көршілеріңіз сізді мүлде танымауы мүмкін. Далада кездесетін адамдар сізге қараса да, «көрмеуі» мүмкін. Бұл – өмір. Әркім өз жағдайын ойлайды. Сол себепті, егер қиын кезеңде күткен адамдарыңыз жаныңыздан табылмаса, қапаланбаңыз, жүрекке жақын қабылдамаңыз. Сіздің ең жақын досыңыз – өзіңіз.
8. Апатияға берілмеңіз
Бойыңызда оптимистік көзқарас қалыптастырыңыз. Өмірден жаман нәрсе күтсеңіз, міндетті түрде соған тап боласыз. Пессимист болу оңай, оптимист болу одан да оңай! Тек ниет қажет.
9. Өткенді ұмытыңыз
Болған жайтты ұмытыңыз. Ары қарай өмір сүруге талпыныңыз. Ашу, ыза, кек, реніштің сізге еш пайдасы жоқ. Оларды босатып, тек болашаққа ұмтылуға тырысыңыз. Өткенді ойлай берсеңіз, күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін.
Іске сәт!