- Негізгі бет
- Психология
- Мақсатты стратегиялық жолмен...
Мақсатты стратегиялық жолмен қалыптастыру қажет пе?
Стратегия — орын алуы мүмкін жағдайда істелетін әрекеттердің жоспары. Егер сіздің мақсатыңыз болса, соған сәйкес сізде әрекеттер тізімі болады. Егер белгілі бір әрекет сіз ойлағандай іске аспаса, оны алмастыратын өзге құбылыс болуын қадағалайсыз.
Бір жылдан соң немесе бірнеше уақыттан соң сіздің өміріңіз өзгере ме?
Иә, әбден мүмкін. Жаңа таныстар, жаңа орта мен жаңа әдеттер. Түрлі мүмкіндіктер мен сан қилы идеялар. Дегенмен, сіз сол өзгерістердің өлшемін аңғармауыңыз әбден мүмкін. Тіпті, дәл қазірдің өзінде өзгеріс үрдісі жүзеге асуда. Бірақ, оның нәтижесі тек бірнеше айлардан соң ғана байқалады.
Оны байқаудың мынандай әдісі бар: соңғы уақытта сіз немен айналыстыңыз? Өзіңізді қалай сезінесіз? Апта немесе ай бойына жасаған әрекеттеріңіз бен эмоциональды қабілетіңізге сараптама жүргізіңіз. Осылайша, сіз өзіңіздің бойыңыздағы өзгерісті байқап, бағытыңызды қадағалай аласыз.
Сіздің стратегиялық мақсатыңыз қандай?
Стратегиялық мақсат – бұл өзіңізде тағайындайтын арнайы құжат. Өз өміріңізді толықтай өзгерткіңіз келсе, жыл бойына жасайтын әрекеттеріңіздің сұлбасын жасаңыз. Сіз не білесіз? Қандай әрекет жасамақсыз? Оны қалай әрі қашан іске асырасыз? Стратегиялық мақсат қысқа да нұсқа болуы тиіс. Оны әр уақыт көз алдыңызда ұстаңыз, апта сайын бір қайталап оқуды әдетіңізге айналдырыңыз. Сіз осылайша, өзіңіздің келесі қадамыңызды біліп отырасыз.
Стратегиялық мақсат мынандай элементтерден тұрады:
• Мақсаттар
• Қағидалар
• Тәжірибе
Қағидаларыңыз бен тәжірибеңіз
Қағидалар – сіздің әрекеттеріңізды басқарушы ережелер. Қағидасыз адам бағытанан жаңылады. Ол өзінің шешіміне бола күйзеліске ұшырауы мүмкін. Тіпті, шешім қабылдау қиынға соғуы әбден мүмкін. Мысалы:
• Қарама-қайшылық қағидасы: Егер барлығы бірдей әрекет жааса, сіз өзгеше шешім қабылдаңыз
• Ньютонның үшінші заңына сәйкес: әрбір әрекетке әсер етуші кері әрекет болады.
• Әрбір әрекет толқын эффектісіне ие.
• Әр жерде әрі әрқашан себебі мен салдарын шатастырып алмау.
• Ризашылық принципі: бақытты болу үшін керекті негізгі бөлік.
Тәжірибеге енетін құбылыстар санатына: әдістер, техника, оқу қағидалары мен тәжірибе мақсатыңыздың іргетасын қалайды. Мәселелермен бетпе-бет келгенде олардың шешімін табу үшін түрлі әдісті қолданыңыз. Бір әдісті қолдан сіздің көкжиегіңіздің кеңеюіне мүмкіндік бермейді. Жұмысқа қатысты сіздің әдеттеріңіз қандай?
• Тексеріс
• Уақыты жұмысты аяқтау
• Тапсырманы орындау барысындағы жинақтылық
• Ментальды жаттығу
• Визуализация
Қағида – мақсат емес. Ол сіздің мақсатқа жетуіңізге септігін тигізетін ережелер.
Тәжірие – мақсат емес. Бұл мақсатқа жету үшін үнемі жетілдіріп отыратын қимыл-әрекетіңіз бен ойларыңыз.