Жазғы еңбек демалысын көп адам асыға күтеді. Бұл түсінікті де, себебі көптен жоспарлаған ісіңізді жүзеге асырудың сәті түседі. Біреулер шипажайға барып, демалса, екіншілері саяхатқа шығып, ел-жерді аралайды. Үшіншілері бос уақытын рухани демалуға арнайды.
Расымен де бір жылдың ішіндегі өткен өміріңізге көз жүгіртіп, өзіңізді өзіңіз мадақтай аласыз. Жақсылап тынығып алып, тағы да алдыңызға жаңа мақсат қойыңыз. Мысалы, мынадай:
Міне, бұл барлық дерлік адамға тән жалпылама арман-мақсаттардың бір парасы ғана. Мүмкін сіздің арман-тілегіңіз басқаша шығар. Сондықтан сіз өзіңізге лайық жоспарыңызды құра аласыз. Ал жоспары бар мақсат мезгілімен орындалады. Ең бастысы, ерінбей, еңбектене біліңіз.
«Талпынған жетер мұратқа» демекші, алдына қойған мақсатына жеткен адамдар айналамызда аз емес.
Сәттілік тілейміз!