Батыс мәдениеті адамның әрекет ету қабілетін жіті таныса, шығыс мәдениеті адамның жан-дүниесімен тығыз байланыс жасай алатынын дәлелдеді. Осы екі мәдениетті ұштастыру арқылы сіз ерекше адам бола аласыз.
Белсенді жұмыс істеп, бір нәрсеге жете отырып жан-дүниенің тыныштығын қамтамасыз ету мүмкін бе? Әлбетте! Бастысы – мақсат қоя білу керек.
Бірінші және ең маңызды қадам – бір нәрсеге жетуге деген ниеттің болуы. Жай ғана нақты мақсат қойыңыз.
Екіншіден, нақты мақсатыңызды өзіңіз анық көріңіз. Осы арқылы сіз өз құлшынысыңызды арттырасыз.
Үшінші қадам – біліммен қарулану. Өзіңіз қойған мақсатқа қатысты терең білім алыңыз. Білім сізді жарқын болашаққа жетелейді.
Төртінші қадам – алған біліміңізді көрсету үшін тәжірибе алаңын табуыңыз керек. Өз ісінің шебері болған нағыз кәсіби маман кім-кімге де керек. Сондықтан жұмыс істеуге ниеті бар, білімді маманнан кез келген компания бас тартпайды.