Мақсатқа жеткізетін төрт қадам

Мақсатқа жеткізетін төрт қадам
Фото: accaudit.org

Батыс мәдениеті адамның әрекет ету қабілетін жіті таныса, шығыс мәдениеті адамның жан-дүниесімен тығыз байланыс жасай алатынын дәлелдеді. Осы екі мәдениетті ұштастыру арқылы сіз ерекше адам бола аласыз. 

Белсенді жұмыс істеп, бір нәрсеге жете отырып жан-дүниенің тыныштығын қамтамасыз ету мүмкін бе? Әлбетте! Бастысы – мақсат қоя білу керек

Бірінші және ең маңызды қадам – бір нәрсеге жетуге деген ниеттің болуы. Жай ғана нақты мақсат қойыңыз. 

Екіншіден, нақты мақсатыңызды өзіңіз анық көріңіз. Осы арқылы сіз өз құлшынысыңызды арттырасыз.  

Үшінші қадам – біліммен қарулану. Өзіңіз қойған мақсатқа қатысты терең білім алыңыз. Білім сізді жарқын болашаққа жетелейді. 

Төртінші қадам – алған біліміңізді көрсету үшін тәжірибе алаңын табуыңыз керек. Өз ісінің шебері болған нағыз кәсіби маман кім-кімге де керек. Сондықтан жұмыс істеуге ниеті бар, білімді маманнан кез келген компания бас тартпайды.

Р. Роза