Махаббатыңды тап!

Сені көпшілік сұлу, ақкөңіл, ақылды қыз деп сипаттайды... Жиған білімің де аз еместей. Достарыңның арасында тартымды да көңілді қыз деген атаққа ие болдың ба?

Осынша мінсіз қыз болсаң да, сені неге жігіттер байқамайды? Байқаса да, неліктен олардың бірімен де тұрақты қарым-қатынас орната алмадың? Ақ боз ат мінген ханзадаңды күтіп шаршадың ба? Бұл сұрақты шешетін күн келді! Бәрі де сенің қолыңда! Мына кеңестерге құлақ түрсең, өзіңнің болашақ жарыңды тауып та қаларсың!

 

 

 

 Өзіңді өзгерт! Мысалға, киіміңді ауыстыр. Иә, киім-кешек бұл өмірдегі басты нәрсе емес. Сонда да, "шүберек - адам көркі" демекші, сәнге сай, ұқыпты, әдемі, өзіне жарасымды киінген ару адам баласының көзін қуантады емес пе? Бірақ, абай болуың керек. Елді таң қалдырамын деп, қысқа белдемше, 12 см өкше, тор шұлық киіп, қатты боянудың қажеті жоқ. Тұрақты қарым-қатынас іздеген қыз өзінің заманға сай, қарапайым, жарасымды киінетінін көрсетсе болғаны. 

 

 Өзіңе онша ұнамайтын жігітпен кездесуге бар. Өміріңде жап-жақсы сүйкімді жігітке тек оның бойы қысқа болғаны үшін "жоқ" деген сәттер болды ма? Кірпияз болма! Мүмкін оның жақсы жақтары қысқа бойы деген кішкентай кемшілігінен асып түсер? Ал егер араларыңда расында сезім туса, сен өзіңді сұлу, аяулы, сүйікті және махаббатқа бөленген жан етіп сезінетін боласың. Нағыз бақыт осы емес пе? Кездесулерің сәтті аяқталмаса да, оның қасында болғаныңдағы сезімді ұмытпа. Келесі жолы сұлу жігітпен кездесуге барғанда, осы сезімді еске алып, өзіңді солай ұста. Сонда оған да тартымды әрі сымбатты болып көрінесің. 

 

 Немесе... кездесулерден мүлдем бас тарт. Аялдамада тұрғанда, сіздің автобусыңыз еш уақытта бірінші болып келмейді ме? Бұл заңдылық! Және де бұл заңдылық қарым-қатынасқа да жүреді: көрінген жігіттен өзіңнің болашақ жарыңды іздеп, іштей балаларыңның есімдерін ойлап жүруден жақсы ештеңе де шықпайды. Махаббатты ұмытуға тырыс, кездесулерге шақыруларды күтпе. Өзіңмен айналыс, достарыңа, отбасыңа көңіл бөл, жаңа қызуғышылықтар іздеп тап.  

 

 

Қылымсып ойна. Жігітке аш арыстандай "бас салма". Бұл кез келгенді шошытып, көңілін қалдырар. Мысалға, достарыңның таныстарынның арасында керемет сұлу жігітті кездестіріп ұнатып қалсаң, оған жармасып, артыңнан қалмай жүрме. Басында таныс достарыңмен қал сұрасып, бірнеше минут күлімсіреп жүр. Оған жымиып қарап, өзіңнің қызуғышылығынды көзіңмен білдір. Достарың таныстырғаннан кейін, ауызына қарап тұрмай, екі жаққа қызықты әңгіме құр.  

 

 

Өз ойыңды көрсете біл. Ол керемет музыка тыңдап, әдемі киінеді ме? Әзілдері күлкілі, білімі жақсы болса да, онымен барлық сұрақтарда келіспе, өзіңнің қызуғышылықтарынды да білдір. Футболды ұнатпасаң - ұнатпаймын де, қарым-қатынастың дамуына пікірталас та керек.  

 

 

 Тәрбиелі бол. Кездесулерден асығып, ертерек кет. Мейрамхананың жабылуын, не жиындағы қонақтардың таралуын күтпе. Дұрыс сәтті таңдап, ертерек кетуге тырыс. Бұл айла жігіттің саған деген қызығушылығын одан бетер қыздыра түседі. Оның көзінде сен уақытын үнемдеуді білетін, тәрбиелі қыз болып көрінесің (расында солай, күмәніміз жоқ). 

 

Сезіміңді тыя біл. Түнгі сағат 2-дегі романтикалық смстер мен қоңыраулардан аулақ бол. Араларыңда жақсы қарым-қатынас орнаса да, оны сақтап қаламын десең, сабырлы бол. Артық істер мен ерте айтылған махаббат сөздерімен оны қорқытып алма.  


Осы кеңестерді ұстансаң, әлбетте, сенімен бірге болғысы келетін жігіттер қатары көбейер деп үміттенеміз. Тек арасынан дұрысын таңда. Ал бұл істі жүрекке тапсырған дұрыс.

Cурет: opera.com