Махаббатым ертегідей болсын десеңіз... #2

Өмірлік жарды біз әдетте өзіміз таңдаймыз. Ал сол таңдауды жасаудың алдында жақсылап ойлану керектігін қанша рет естідік? Нақтырақ айтқанда нағыз махаббаттың барына көз жеткізу үшін бір-біріңді танып, достасып, содан соң жақсы көру керек. Себебі көптеген адам бастапқы «тәтті» кезеңді махаббатпен шатастырады. Ал романтика басылған соң ғашықтар сан түрлі қиындықтармен бетпе-бет келіп, әртүрлі сынақтардан өтеді. Дәл осы кезеңде сіз «махаббат өшті» деген шешімге келуіңіз мүмкін. Шын сезімді сақтап қалу үшін оның болуы жеткіліксіз, міндетті түрде сабырлық, төзімділік керек. «Махаббат бітті» деген жерде ол енді басталады...

Нағыз махаббатқа жету жолын нақтырақ талдауға кірісейік.

Басы

♥ Шыдамдылық кезеңі.

Бұл кезеңде сіздер даналыққа үйренесіз. Ұрыс-керіс бұрынғыдай драмаға айналмайды. Себебі реніш басылатынын білесіздер. Егер екеуіңіз де сабырлық пен шыдамдылыққа дағдылансаңыз, жылдармен даналыққа да үйренесіз. Бұл заңдылық.

 Сыйластық кезеңі.

Бұл – нағыз махаббаттың алғашқы (!) кезеңі. Ғашықтар өзінің міндеттерін ажыратып, түсіне бастайды. Яғни өзіне емес, сүйіктісіне «не істей аламын?» деген сұрақ қояды. Өзінің емес, сүйіктісінің бақытын бірінші орынға қояды. Оны құрметтеп, сыйлауды үйренеді.

 Достық кезеңі.

Бұл кезеңде ғашықтар бір-біріне бұрынғыдан әлдеқайда жақынырақ болады. Бір-біріне сене бастап, ең жақын дос болады. Достық кезеңі нағыз махаббатқа жол салады.

 Нағыз махаббат кезеңі.

Нағыз, шынайы махаббатқа жету жолы ұзақ. Ол жолда сіз бірге өмірлік сынақтар мен әртүрлі жағдайлардан өтесіз. Шынайы сүйіспеншілікке адам өзімшілдік пен тәкаппарлықты жеңгеннен кейін ғана қол жеткізеді.

Сіз осы кезеңнің бәрін өткердіңіз бе? Қайсысына келіп қиналып, тоқтадыңыз?

Сурет: ©Тимур Утешбеков

Оқи отырыңыз:

Махаббатым ертегідегідей болсын десеңіз...

Неліктен жалғызсыз?

Болашақ жарым қандай болуы керек? #3

Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...

Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?