- Негізгі бет
- Психология
- Махаббаттың 5 тілі...
Махаббаттың 5 тілі
Жарыңызды жақсы көресіз бе? Бәрі жақсы көремін деп айтады. Барлығы өз сезіміне шүбә келтірмейді. Алайда, махаббаттың бес тілін ұмытып кетіп жатқандар бар. Әсіресе, жас отаулар. Бүгін біз сіздерге махаббаттың бес тілін таныта кеткіміз келіп отыр.
Тұрмыста тірлік қарбаласында жүріп жақындарымызға назар аударуды, мән беруді, уақыт қарастыруды ұмытып кетіп жатамыз. Бәзбіреу сол уақытыңызды келіп сұраса, бере салуға дайын тұрамыз, Ал жақынға (сүйіктіңізге) келгенде, әңгіме бөлек. Біліп қойыңыз, сүйіктіңіз басты орындағы субъект.
* * *
1. Қуаттау сөздерінің тілі
Мақтаулар, қошемет жасау, алғыс айту, құптау... Ұзаққа созылған отбасылық өмірде барлық мақтаулар мен өтініштер сыни ескертпелерге, талап етушілікке айналады. Егер сіздің серігіңізге осы тілдің құзыры жоғары тұрған болса, онда талап ету мен сын-ескертпелермен сіз оның жанына үлкен ауыртпалық түсіріп, махаббат қарым-қатынасын құртасыз.
2. Сыйлық тілі
Бүкіл әлемнің неке құру рәсімінде міндетті түрде сыйлық жасау сәті кездеседі. Сыйлықтың қымбат болуы міндетті емес, оны өз қолыңызбен жасай да аласыз, бастысы – сүйіктіміз туралы ойлауымыз, сол туралы ойлап жүруіміз. Сыйлықтар – сіздің махаббатыңыздың заттай көрінісі.
3. Уақыт көрінісінің тілі
"Оның маған және балаларға уақыт бөлуге қолы босамайды", - барлық әйелдің ең жақсы көретін арыз-тілегі. Алайда, ерлер жағы мағынасын түсініп жатпайды. "Мен отбасыны қамтамасыз етемін, қымбат заттар сатып аламын, үйде ер жұмысын атқарамын. Менен тағы не қалайды?" Уақыт бөлу – жақындық уақыты, диалог сәті, оймен, сезіммен, уайыммен, таңырқаныстармен бөлісетін ортақ міндет.
4. Жанасу тілі
Жанасу, құшаққа алу, сүйіс – барлық отбасыға таныс махаббат тілі. Физикалық жақындастық әр адамға өмірлік мән-маңызға ие. Жанасу тілі үлкен күшке ие, сіздің шығармашылығыңызға бос кеңістік ашады, сүйіктіңізге жаңа өріс сыйлайды. Туыс жандарда тартылыс күші бар секілді, сенімді серігіңізді беттен сүйіп, құшаққа алып, шаршаған сәтінде шашын тарқатып беріп тұрыңыз.
5. Қызмет ету тілі
Қызмет ету – өзге бір адам үшін белгілі бір жұмыс атқаратын, "қызмет" ететін махаббатты жеткізудің ерекше түрі. Отбасылық өмірде ер де, әйел де ұсақ нәрселерге мән беріп тұрғаны дұрыс. Сүйгеніңіз үшін еткен қызмет сүйікті жанға ғана емес, өзіңізге де рахат сыйлайды.
Қай тіл сізге жақын? Жұбыңыздың қай қылығы сізге жағымсыз? Ата-анаңыз сізге қандай сезімдерді сыйға тартты?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: flymama.info
Л. Лига