Адам ғұмырында махаббаттың 3 түрі кездесуі мүмкін. Махаббат – сезінбейінше немесе сездірмейінше мағынасын түсініп болмайтын, кез келген пенденің ғұмырында кездесетін ең қасиетті ұғым.
Көпшіліктің пікірі бойынша, адам өмірінде бір-ақ рет сүйеді. Бір-ақ рет ғашық болады. Енді біреулер махаббатың шексіз екендігіне дәлел келтіреді. Психолог мамандардың зерттеуі бойынша, адам ғұмырында ғашықтық құбылысы немесе махаббат хикаясы 3 кезең бойынша бой көрсетеді екен. Олар қандай кезеңдер?!
1. Алғашқы махаббат жасөспірім шағымызда орын алады екен. Аталмыш махаббат бала кезде оқыған ертегі желісіне ұқсас, ешқандай мінсіз, пәк болып келеді. Біз бұл махаббат өміріміздің соңына дейін болатынына сенеміз. Бұл кезеңнің құдіреті сондай, өзіміздің мүддемізді ұмытып, адалдықтың жолында көп нәрсені құрбан етеміз. Осылай болу керек деген оймен жүреміз. Өйткені, бұл махаббатта өз сезімімізден бұрын, өзгенің пікірі маңыздырақ болып келеді.
Бұл махаббат дұрыс махаббат болып көрінеді.
2. Екінші махаббат – бұл кезеңде өмірлік тәжірибе жинақтап, ақ пен қараны ажыратып, өзіңе не қажет екенін сезінесің. Екінші махаббат жүрекке жара салуы әбден мүмкін. Бұл махаббатың ауыртпалығы өтірік арқылы, айла-амалдар арқылы, сатқындық арқылы жүзеге асып жатады. Бұл кезеңде алғашқы махаббаттың қателіктерін қайталамауға тырысамыз. Көп нәрсені түзеткіміз келеді. Көп жағдайда, бәрі біз ойлағандай болмайды. Керісінше, алғашқыдан да қатты ауыр соққы алуымыз ғажап емес. Аталмыш махаббат өзіңізді эмоцияға берілуге, психологиялық немесе физикалық тұрғыдан қажуға әкеліп соғуы мүмкін. Бұл махаббатың соңында бәрі жақсы болатынына сеніммен қараймыз. Десе де, қиындығы көбейе береді.
Бұл махаббатты өз әрекетімізбен дұрыстағымыз келеді.
3. Үшінші махаббат – біз күтпеген махаббат. Бұл кезеңде өзіміз ешқашан елестетпеген, кейіпкері болып көрмеген, күтпеген жерден тосынсый болып келетін махаббатты өткереміз. Ойламаған танысу, күтпеген кездесу. Біз бұл махаббаттың хикаясын өзгеге түсіндіруге немесе көрсетуге тырыспаймыз да. Өйткені, өзіміз толық дайын болмаймыз. Бұл махаббатта толқыныс, тербеліс заңдары орын алмайды. Қалай барсың, солай қабылдайды. Өзің де аң-таң күй кешіп, өткеннің естеліктеріне күле қарауың әбден мүмкін. Алдыңғы махаббаттың неге дұрыс болмағанын осы тұста толық түсінесің. Бұл тұста сын көз болмайды. Махаббаттың ең ыстығы – осы кезең.
Бұл махаббатта өзіңді дұрыс сезінесің. Қалыпты күй кешесің.
Сіз қай кезеңді өткерудесіз немесе өткергіңіз келеді?!