- Негізгі бет
- Психология
- Махаббатты сақтап қалудың...
Махаббатты сақтап қалудың әдістері
Біз көбіне көп адамда мұң, ыза, реніш тудыратын қарым-қатынастарды талдауға бейімбіз. Ал жақсы, бақытты карым-қатынас туралы сирек айтылады. Бүгін біз сіздерге осы жайында әңгіме қозғайын деп отырмыз.
Сіз екі бөлек емес, бір болуыңыз керек. Бұл спорт командасы секілді, оның ойыншылары бірлесе жұмыс істесе ғана жеңіске жетеді. Егер біреуі ыдыс жуғанды ұнатпаса, екіншісі оның орнына қуана-қуана жуа салса, яғни біреуі екіншісіне көмекке келсе, сіздің де тобыңыз жеңіске жетеді.
Сөзге келіспеушіліктің де өз орны бар, онсыз мүмкін емес. Алайда, жиі және ұрыс ретінде емес. Сіздің дауласып тұруыңыз, әрқайсыңыздың өз пікіріңіз бар және оны білдіре білуіңіздің белгісі. Егер біріңіз екіншіңіздің пікіріне үнемі қосыла берсеңіз, бұл сіздің шынайы сезіміңізді жасырып жүргеніңізді білдіреді. Көбіне адамдар дауласып тұруды бақытты қарым-қатынасқа кереғар келеді деп ойлайды, алайда, бұл оның ажырамас бөлігі десе де болады.
Бір-біріңізді барлық істе қолдауыңыз керек. Дұрысы – бір-біріңізге, араңыздағы қарым-қатынасқа толықтай берілу. Өмірдің барлық сынағынан бірге өтіп, бір-біріңізді кез келген жағдайда қолдап отыруыңыз қажет.
Мінсіз адам жоқ екенін ұмытпаңыз. Егер біз біреуге өзіміздің шынайы бейнемізді емес, мінсіз адам ретінде бейнелеп, кемшіліктерімізді жасырсақ, сол адаммен бақытты бола алмаймыз. Себебі біз оның жанында өзімізді еркін сезіне алмай, жасырып жүрген құпияларымыз жайлы уайымдаумен боламыз. Бақытты қарым-қатынас орнату үшін, бір-біріңіздің шынайы келбетіңізді көрсетіп, қабылдай білуіңіз керек.
Үнсіздіктің де орны ерекше. Сіз бір бөлмеде отырып, үндемей, сөйлеспей отыра аласыз ба? Бір-біріңіздің жаныңызда бола тұра, әркім өз ісімен айналысып, оның үстіне ешқандай ыңғайсыздық сезінбеуіңіз дұрыс.
Сүйіктіңіздің жанында тұлға болып қалуыңыз керек. Біреуге толықтай беріліп, сол адамның сөзін сөйлеп, өзіңнің жеке тұлға ретінде пікіріңді жоғалтып алмауың керек.
Әрқайсыңыздың жеке өміріңіз болуы керектігін ұмытпаңыздар. Бұл дегеніміз – сүйіктіңіздің жеке заттарын ақтармау, смс-хаттарын оқымау, оған хабарласқан адамдардың тізімін тергемеу. Егер оны сүйсеңіз, оған сенуіңіз қажет.
Сурет: vk.com
Ф. Абилова